Жібек Құламбаева Үндістандағы турнирдің жартылай финалына шықты

2 Ақпан 2024, 08:33
406
Бөлісу:
Жібек Құламбаева Үндістандағы турнирдің жартылай финалына шықты
Фото: ktf.kz

Үндістанда әйелдер арасында W50 Indore турнирі өтіп жатыр. Қазақстандық теннисші Жібек Құламбаева жұптық сында 1/4 финалдық кездесуін өткізді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Қазақстандық теннисші грекиялық Сапфо Сакелларидимен бірге Шармада Балу (Үндістан)/Диана Марцинкевица (Латвия) жұбын 6:1, 7:5 есебімен ұтты.

Жібек пен Сапфо енді жартылай финалда турнирдің төртінші ракеткалары Джесси Эйни (АҚШ)/Лена Пападакис (Германия) жұбымен шеберлік байқасады.

Айта кетейік, қазақстандық-грекиялық жұп турнирдің бірінші ракеткалары болып тіркелді және финалда жеңіске жетуге толықтай мүмкіндігі бар.

Өзгелердің жаңалығы