Қазақстандық теннисші Жібек Құламбаева топырақ төсенішіндегі ITF турнирінің жұптық кезеңінде финалға шықты. Жарыс Қытайдың Аньнин елді мекенінде өтіп жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ Sports.kz-ке сілтеме жасап.
Ж.Құламбаева 19 жастағы тай спортшысы Ланлан Тарарудимен бірге қытайлық дуэт – Ли Зонгуй - Ушуан Чженмен ойнауы тиіс болған. Алайда олардың қарсыластары кездесуге келмей қалды. Сол себепті Құламбаева мен Тараруди келесі кезеңге өтті.
Ақтық сында қазақ-тай жұбы қытайлық спортшылар Гуо — Яньға қарсы ойнайды.
Айта кетейік, кеше жеке сынның 1/8 финалында 23 жастағы Жібек Құламбаева қытайлық теннисші Юфей Реннен жеңіліп, жарысты аяқтаған болатын.