Жібек Құламбаева Қазақстан чемпионатында топ жарды

Әйелдер арасында Жібек Құламбаева қарсылас шақ келтірмеді

 KTF 26 Шілде 2025 2025, 19:10
26 Шілде 2025 2025, 19:10
570
Фото: KTF

Елордада теннистен ересектер арасында Қазақстан чемпионатының жеңімпаз-жүлдегерлері анықталды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Әйелдер арасында осы жарыстың 1-ракеткасы Жібек Құламбаева қарсылас шақ келтірмеді. Жібек финалда чемпионаттың үшінші ракеткасы болып тіркелген Аружан Сағындықованы тартысты матчта 6:4, 7:6 (7:5) есебімен ұтты.

Осылайша, Құламбаева елімізде мықты теннисшілердің бірі екендігін тағы бір дәлелдеді. Полина Слепцованы 7:6 (7:5), 7:5 есебімен жеңген Іңкәр Дүйсебай қола жүлдеге ие болды.

Наверх