Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Жібек Құламбаева мансабындағы алғашқы WTA атағын жеңіп алды

14 Қыркүйек 2025, 16:15
413
Бөлісу:
 Қазақстан теннис федерациясы
Фото: Қазақстан теннис федерациясы

Қазақстандық теннисші Жібек Құламбаева Қытайдың Хужоу қаласында өткен WTA 125 сериясындағы турнирдің жұптық сайысында чемпион атанды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Финалда Жібек словениялық әріптесі Вероника Эрьявецпен бірге жапондық жұп — Аяно Шимицу мен Момоко Кобориді бір сағаттан астам ойында 6:4, 6:2 есебімен сенімді түрде жеңді.

Бұл 25 жастағы Жібектің жұптық разрядтағы WTA турниріндегі тұңғыш атағы. Бұған дейін ол ITF турнирлерінде жұптық сайыста 35 рет топ жарған болатын.

Өзгелердің жаңалығы