Жібек Құламбаева Италияда өткен ITF W60 турнирінің жұптық сынында жеңімпаз атанды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
ҚР Теннис федерациясының баспасөз қызметінің мәліметінше, отандасымыз беларусь теннисшісі Юлия Готовкомен бірге колумбиялықтар Джулиана Лисарасо / Мария Паулина Перес Гарсияға қарсы ойын өткізіп, оларды 6:4, 6:4 есебімен жеңді.
Жібекте енді жұптық сын бойынша ITF-тің 22 титулына ие. Бұған дейін ол W15 және W25 санатындағы турнирлерде жеңіске жетсе, W60 сериясында алғаш рет жеңіске қол жеткізіп тұр. Римдегі жетістігінің арқасында Құламбаева жұптық сында WTA-ның жаңартылған әлемдік рейтингінде өзі үшін рекордтық деңгейге көтеріліп, 174-ші орынға жайғасты.
Айта кетейік, сәуір айының басында Құламбаева Түркиядағы теннис турнирінің абсолютті чемпионы атанды