Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Жібек Құламбаева Франциядағы турнирде жеңісті жолын жалғастыруда

7 Мамыр 2025, 04:18
762
Бөлісу:
 ktf.kz
Фото: ktf.kz

Қазақстандық теннисші Жібек Құламбаева Францияның Сен-Годенс қаласында өтіп жатқан ITF W75 турнирінің жұптық сынында ширек финалға жолдама алды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл жолы ол ресейлік Алина Чараевамен тандем құрып, алғашқы айналымда германиялық егіздер Таисия және Яна Мордергерге қарсы ойнады. Құламбаева мен Чараева қарсыластарын 6:2, 6:0 есебімен ойсырата жеңді. Матч небәрі 1 сағат 13 минутқа созылды.

Жартылай финал жолдамасы үшін Жібек пен Алина чехиялық Габриэла Кнутсон мен Анна Шишковамен кортқа шығады.

Айта кетейік, өткен аптада Жібек Құламбаева латвиялық Дарья Семенистаямен бірге Германияның Висбаден қаласындағы ITF W100 жарысында жеңімпаз атанған болатын.

Өзгелердің жаңалығы