Қазақстанның соңғы жаңалықтары

ЖИ еңбек нарығын жоймайды, оны өзгертеді – Саясат Нұрбек

Олжас АДАЙ
Кеше, 11:45
306
Бөлісу:
 BAQ.KZ коллажы
Фото: BAQ.KZ коллажы

Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек жасанды интеллект еңбек нарығында жаппай жұмыс орындарын ығыстыратын құрал емес, ең алдымен, адам еңбегінің өнімділігін арттыру тетігі екенін айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Министрдің айтуынша, 2025 жылы ведомство Quacquarelli Symonds халықаралық аналитикалық агенттігімен бірлесіп, жасанды интеллектіге негізделген экономиканы қалыптастыруға арналған зерттеудің бірінші кезеңін аяқтаған.

Зерттеу нәтижелері жасанды интеллектінің еңбек нарығында жаппай жұмыс орындарын ығыстыратын құрал емес, керісінше адам еңбегінің өнімділігін арттыратын маңызды механизм екенін көрсетті, – дейді Нұрбек.

Оның сөзінше, Қазақстандағы жұмыс күшінің басым бөлігі жасанды интеллектіні тиімді қолдану әлеуетіне ие.

Қазақстандағы жұмыс күшінің шамамен 70 пайызы жасанды интеллектіні қолдану арқылы еңбек өнімділігін арттырудың орташа немесе жоғары әлеуетіне ие, – деді министр.

Сонымен қатар зерттеу барысында мамандықтардың жартысынан астамында жекелеген еңбек функцияларын автоматтандыру мүмкіндігі бар екені анықталған.

Мамандықтардың 53 пайызында жекелеген еңбек функциялары автоматтандырылуы мүмкін. Алайда бұл, көп жағдайда, жұмыс орындарының жойылуын емес, олардың мазмұны мен талаптарының өзгеруін білдіреді, – деп нақтылады ол.

Министр осы қорытындылар негізінде жоғары білім беру жүйесін жаңғыртуға бағытталған кезең-кезеңімен іске асырылатын іс-қимылдар жоспары әзірленіп жатқанын атап өтті.

Өзгелердің жаңалығы