Қазақстанның соңғы жаңалықтары

ЖИ дәуірі: Қазақстанда қанша жұмыс орны автоматтандырылуы мүмкін

Гүлжан РАМАНҚҰЛОВА
22 Тамыз 2025, 07:30
1233
Бөлісу:
 коллаж BAQ.KZ
Фото: коллаж BAQ.KZ

Қазақстанда жасанды интеллектінің дамуына байланысты 2,2 млн жұмыс орны автоматтандырылуы мүмкін, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Мұндай мәлімет Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің редакциямыздың ресми сауалына берген жауабында айтылған.

Қазақстанда цифрлы технологиялар мен жасанды интеллекттің дамуы еңбек нарығына айтарлықтай ықпал етуі мүмкін. Еңбек министрлігінің дерегінше, жүргізілген зерттеу нәтижесінде елдегі жұмыс орындарының 29%-ы автоматтандырылуы ықтимал, ал 13%-ы жасанды интеллект көмегімен орындалуы мүмкін екені анықталды.

Министрлік мәліметіне сәйкес, жұмыс орындарының шамамен 25%-ы автоматтандырудың орташа және жоғары қаупі бар санатқа, ал 12%-ы жасанды интеллектті қолдану арқылы функцияларды атқару ықтималдығы жоғары жұмыс орындарына жатады.

Жағдайлардың белгілі бір жиынтығында Қазақстанда шамамен 2,2 миллион жұмыс орны автоматтандырылуы мүмкін. Оның бір миллионынан астамы жасанды интеллектті кеңінен енгізу есебінен жойылуы ықтимал, – делінген ресми жауапта.

Өзгелердің жаңалығы