ЖИ дәуірі: Кейбір мамандықтар жоғалғанымен, орнын жаңа кәсіптер басады – депутат

Бөлісу:
ЖИ дәуірі: Кейбір мамандықтар жоғалғанымен, орнын жаңа кәсіптер басады – депутат
Фото: pixabay.com

Мәжіліс депутаты Екатерина Смышляеваның айтуынша, ЖИ арқылы жаңа кәсіптер пайда болады, бірақ жаңа дағдылар қажет болады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Бүгін Мәжіліс "Жасанды интеллект туралы" заң жобасы мен оған қатысты заңнамалық түзетулерді талқылады.

Бәсекелестік нарықтан кейбір мамандықтар жоғалса да, олардың орнын жасанды интеллект арқылы қалыптасатын жаңа кәсіптер басады. Алайда, бұл жаңа жұмыс орындары мүлде басқа құзыреттер мен дағдыларды талап етеді. Дүниежүзілік экономикалық форумның халықаралық зерттеулеріне сәйкес, 2030 жылға дейін трансформацияға ұшырайтын салаларда қызметкерлердің жартысынан астамын қайта оқыту қажет болады, - деді Смышляева кулуарда.

Депутат қазірден бастап білім беру жүйесін қайта бағдарлау маңызды екеніне тоқталды.

Жасанды интеллектіні кеңінен енгізу жұмыс берушілерге де өз қызметінде түбегейлі өзгерістер жасау міндетін жүктейді. Әсіресе, құқық қорғау органдарының жұмысы көбейеді. Себебі еңбек қатынастары саласында адам құқықтарының бұзылуына жол бермеу басты міндетке айналады, - деп атап өтті депутат.

Бүған дейін депутат Қазақстанда дипфейктерді пайдаланғаны үшін қандай жаза қарастырылғанын айтқан болатын.

Өзгелердің жаңалығы