Жезқазғанда қонаққа келген ер адам пәтер иесін тонап кеткен

24 Ақпан 2022, 20:20
1454
Бөлісу:
Жезқазғанда қонаққа келген ер адам пәтер иесін тонап кеткен

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жезқазғанда қонаққа келген ер адам пәтер иесін тонап кеткен, деп хабарлайды Polisia.kz. 

Қарағанды ​​облысы Жезқазған қаласының ПБ-на 37 жастағы қала тұрғыны арызданған. 

Ол өзінің пәтерінде мереке ұйымдастырғанын, оған қонақтарды шақырғанын айтты. Барлық шақырылғандар кеткеннен кейін тұрғын үй иесі ұялы телефон, күртеше мен аяқ киімнің жоғалғанын анықтады. Келтірілген шығын көлемі 179 мың теңгені құрады. 

Полицейлер ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабы (Ұрлық) бойынша қылмыстық іс қозғады. 16 ақпанда криминалдық полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларының барысында күдікті Сәтбаев қаласының 35 жастағы тұрғынын анықтап, ұстады. Күдікті кінәсін мойындады. Заттай айғақ алынды. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізілуде.
 

Өзгелердің жаңалығы