Жезқазғанда күзгі жартылай марафон өтті

16 Қазан 2023, 19:47
808
Бөлісу:
Жезқазғанда күзгі жартылай марафон өтті
PHOTO
Фото: Жезқазған қаласының баспасөз қызметі

Облыс орталығында Жезқазған қаласы әкімдігінің ұйымдастыруымен "ZHEZKAZGAN ALTYN KUZ" атты жартылай марафон өтті деп хабарлайды, BAQ.KZ Жезқазған қаласының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Марафонға жалпы Қазақстанның түпкір түпкірінен және Ресей, Украина, Манғолия мемлекеттерінен марафоншылар қатысты.

"ZHEZKAZGAN ALTYN KUZ" жүгірісіне елімізден бөлек, Ресей, Моңғолия және Украинадан келген әуесқой спортшылар қатысты. Жезқазған қаласы әкімінің орынбасары Ерлан Құсайынов марафонға қатысушыларға сәттілік тілеп, марафоншылармен бірге жүгірді. 

Жезқазғанда күзгі жартылай марафон өтті

Жартылай марафонда қатысушылар екі қашықтық бойынша жүгірді. Атап айтқанда, 10,5 және 21,5 шақырым аралағын құрады. Дәстүрлі шара осымен 4-ші мәрте ұйымдастырылып отыр. Қатысушылар арасында жастардан бөлек, жасы егде тартқан жандар да көп болды.

Жезқазғанда күзгі жартылай марафон өтті

Шағын шаһарда жеңіл атлетиканы дамыту мақсатында қолға алынған марафон - біртіндеп қоғамдық сипат алды. Марафонның басты мақсаты — бұқаралық спортты дамыту мен салауатты өмір салтын қалыптастыру. Біздің қаламызда бұқаралық спортты дамытуға ерекше көңіл бөлінуде, бүгінгі күні осындай ауқымды дәрежеде төртінші рет қалалық жартылай марафон өткізіліп жатыр және марафонға шетелден және басқа қалалардан спортшыларымыз қатысуда. Бұл қуантатын жәйт. Бұл спортшыларымыздың саламатты өмір салтын ұстануға деген қызығушылығы артқанын көрсетеді. Бүгінгі жарысқа 300-ден аса желаяқ қатысуда. Марафонға қатысушылардың саны жыл санап өсуде. Жарысты жыл сайын өткізу дәстүрге айналды. Келесі жылы Жезқазған қаласының 70 жылдық мерейтойында бұдан да үлкен деңгейде өткізу жоспарланып отыр, - дейді Жезқазған қаласы спорт бөлімінің басшысы Зухрап Даумбаев.

Жезқазғанда күзгі жартылай марафон өтті
Жезқазғанда күзгі жартылай марафон өтті

 

2 сағатқа созылған жартылай марафон өз мәресіне жетіп, Астана, Алматы, Қарағанды қалаларының әуесқой спортшылары алғашқы үштіктен көрінді. Жеңімпаздарға ақшалай сыйақылар мен мадақтама қағазы, арнайы медаль табыс етілді.

Өзгелердің жаңалығы