Жезқазған қаласының полицейлері қалалдағы үйлердің бірінен 54 жастағы ер адамның мәйітін тапты деп хабарлайды Baq.kz жергілікті Полиция департаментіне сілтеме жасап.
Тәртіп сақшылары бұл қылмысқа қатысы бар деген күдікпен марқұмның бизнес-серігін ұстаған. Оның айтуынша, екеуі бұған дейін бірге кәсіп еткен. Бірақ, қазір жұмысты тоқтатып, ортақ мүлікті өзара бөліскен екен. Осы бөлісу кезінде екеуара ерегіс болып, күдікті азамат серігін аңшы мылтығымен атып өлтірген.
Күдікті гаражда мылтығын тазалап жатқан. Осы сәтте серігі аулаға шыққан. Күдікті оны сол жерде атып тастаған, - делінген полиция таратқан ақпаратта.
Қазіргі таңда аталған жайт бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталып, күдікті қамауға алынды. Оның үстінен «кісі өлтіру» бабы бойынша іс қозғалды.