Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Жезқазғанда бірнеше рет ұрлық жасаған күдіктілер ұсталды

18 Қазан 2025, 12:20
391
Бөлісу:
 BAQ.KZ
VIDEO
Фото: BAQ.KZ

Жезқазғанда бірқатар ұрлық жасаған күдіктілер ұсталды, деп хабарлайды BAQ.KZ Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Жезқазған қаласы полиция басқармасының қызметкерлері қала аумағында жасалған бірқатар ұрлықты әшкереледі. Жедел-іздестіру шаралары барысында 63 және 59 жастағы Жезқазған қаласының екі тұрғыны – ағайындылар анықталып, ұсталды.

Тергеу барысында олардың биылғы жылдың тамыз бен қазан айлары аралығында дүкендерден, сұлулық салондарынан және тұрғын үйлерден ақша, телефон, банк карталары мен бағалы заттарды ұрлағандары белгілі болды.

Жезқазғанда бірнеше рет ұрлық жасаған күдіктілер ұсталды
Polisia.kz

Жәбірленушілерге келтірілген жалпы материалдық шығын 1,5 миллион теңгеден асты. Криминалдық полиция қызметкерлерінің жедел әрекеттерінің нәтижесінде күдіктілер анықталып, екеуі де уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Полиция азаматтарды жеке мүліктеріне ұқыпты қарап, бағалы заттарын қараусыз қалдырмауға шақырады.

Өзгелердің жаңалығы