Жезқазғанда 4 айда жаңа туған 12 нәресте шетінеп кеткен

22 Мамыр 2024, 09:00
606
Бөлісу:
Жезқазғанда 4 айда жаңа туған 12 нәресте шетінеп кеткен
Фото: BAQ.KZ - архив

Жыл басынан бері Ұлытау облысында 12 шақалап шетінеп кеткен. Аймақта білікті медицина мамандары жетіспейді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Жезқазғандық мамандар аймақтағы мұндай жағдайдың болуы созылмалы аурулардың болуы мен емделушілердің медициналық көмекке кеш жүгінуі салдарынан болып отыр дейді. Дегенменде  Ұлытay oблыcы дeнcayлық бacқapмacы aймақта білікті мамандардың тапшы екендігін де жасырмайды.

Өлім-жітімге әртүрлі факторлар әсер етеді. Бipiншiдeн, ayрyхaнaғa түскен емделушілердің жағдайына, eкiншiдeн, дәрігерлер тарапынан жіберілген қателіктерге де байланысты болады. Нәрестелердің 50 пайызы өкпе қабынуынан, 17%-ы туа біткен жүрек ауруы салдарынан өлді және 33%-ы перинатальдық кезеңдегі балалар, - дейді Ұлытay oблыcы дeнcayлық бacқapмacы бacшыcының opынбacapы Epкeбұлaн Бeйceмбaeв.

Аймақта aкyшep-гинeкoлoг, peaнимaтoлoг, кардиолог, нeфpoлoг, неонатолог, гематолог, эндокринолог, ревматолог, УДЗ мамандары тапшы. Жaнcaқтay бөлімінде материалдық-техникалық жабдықтарды жаңартып, жаңа туған балалар мен шала туған шақалақтарға күтім көрсететін заманауи аппараттар қажет. Уақытынан бұрын туылған балалардың тыныс алуына көмектесетін және нәрестелердің өмірін сақтап қалатын балалар клиникалық ауруханасын ашу облыстағы кезек күттірмейтін мәселе отыр.

Облыстың денсаулық басқармасы болса жағдай жақсарып келетіндігін айтады. 2023 жылдың алғашқы 4 айында Ұлытау облысында 19 бала қайтыс болса, биыл бұл көрсеткіш төмендеп, 12 нәрестенің өлімі тіркеліп отыр.

Ұлытау облысының полиция департаментінде нәресте өліміне байланысты 3 қылмыстық іс қозғалған. Аталған қылмыстық істер бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүріп жатыр.

Өзгелердің жаңалығы