Жезқазған қаласының тұрғынынан 6 келіге жуық марихуана тәркіленді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
"Құқықтық тәртіп" жедел профилактикалық іс-шарасы аясында Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде Жезқазған қаласының 30 жастағы тұрғынын ұстады.
Күдіктінің үйін тінту кезінде, ол тұратын жерде шамамен 6 кг кептірілген марихуана тәркіленді. Сонымен қатар тіркелмеген тегіс ұңғылы атыс қаруы, оған бес оқ, кастет тәркіленді.
Күдікті уақытшы ұстау изоляторына қамалды. ҚР ҚК 287, 297-баптары бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.