Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қайрат Әбсаттаров Жезқазған әкімі қызметінен кетті.
Қала әкімдігінің ақпараты бойынша, Қайрат Әбсаттаровты басқа жұмысқа ауысуына байланысты шығарып салу рәсімі өтті.
Жезқазған қаласының әкімі Қайрат Әбсаттаровты басқа жұмысқа ауысуына байланысты шығарып салу рәсімі өтті. Ұлытау облысының әкімі Берік Әбдіғалиұлы және әріптестері Қайрат Бектайұлына ризашылықтарын білдіріп құрмет көрсетті, - делінген әкімдік хабарламасында.