Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жезқазғанда мыс балқыту зауытында өрт шықты. Бұл туралы ҚР ТЖМ баспасөз қызметі хабарлады.
27 мамырда сағат 08:53-те «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС Жезқазған мыс балқыту зауытындағы өрт туралы хабарлама келіп түсті. Балқыту цехында шамамен 100 шаршы метр алаңда трансформатордың бөліктері мен төгілген май жанған, - деді ТЖМ ресми өкілі Талғат Уәли.
Қайтыс болғандар мен зардап шеккендер жоқ.
Ақпаратқа сәйкес балқыту цехында өндіріс процесі уақытша тоқтатылды.
Өртті сөндіруге Қарағанды облысы ТЖД күштері мен құралдары жұмылдырылды. Атап айтқанда, жеке құрамнан 26 адам және 7 бірлік техника, сонымен қатар «Серіктес» ЖШС 13 қызметкері және 3 бірлік техника.