Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жезқазғанда медициналық орталық базасында ерекше қажеттіліктері бар балаларға арналған оңалту орталығы ашылды, деп хабарлайды облыс әкімдігінің ресми сайты.
Орталық үшін жақын және алыс шетелдерде өндірілген заманауи жабдықтар сатып алынды. Олардың қатарында Мотомед реабилитациялық тренажері (Германия), вертикализатор, «Кенгуру» мобильді құрылғысы, тірек-қимыл аппараты бұзылған балаларға арналған нейроортопедиялық реабилитациялық пневмокостюм бар. Түзету кабинеттері ашылды. Сонымен қатар жаңа буын компьютерлік томографы орнатылды.
Орталықта 18 жасқа дейінгі ерекше балалар оңалтудан өте алады.
Емделуші балалардың ата-аналары қайда жұмыс істейтіні маңызды емес. Ал 18 жастан асқан туа біткен мүгедектігі бар емделушілер орталыққа ата-аналары «Қазақмыс» корпорациясында еңбек еткен жағдайда ғана бара алады. Бұл ретте оларды оңалтуға жұмсалатын шығындарды компания өз мойнына алады, – делінген хабарламада.