Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жезқазғанда ішек инфекциясымен ауруханаға түскен 8 жасар қыз көз жұмды. Бұл туралы Today.kz хабарлады.
Қыздың анасының айтуы бойынша, ол самса жегеннен кейін өзін нашар сезінген.
Қыз баланы жедел жәрдеммен сағат 00:30-да ауруханаға алып келген. Оны тамақтан уланды деп бірден реанимация бөліміне жатқызылып, ішек инфекциясы деген диагноз қойылған.
Сағат 8:00-де барлық көрсетілген кешенді емдік шараларға қарамастан, қыз бала көз жұмды.
Қыз баланың жүрегі неліктен кенеттен тоқтап қалғаны жүргізілген сараптамалардың нәтижесінде белгілі болады. Қыз баланың денесі сот сараптамасы орталығына жіберілген.