Жетісулық ұстаздарға журналистер дәріс берді

11 Сәуір 2025, 21:24
467
Бөлісу:
Жетісулық ұстаздарға журналистер дәріс берді
PHOTO
Фото: автордан

Облыстық әдістемелік орталықтың мамандарын журналистер мақала жазу өнеріне машықтандырды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Жетісулық педагогтарға өңірдегі баспасөз саласының мамандары арнайы дәріс беруде. Дәрістің тақырыбы "Мақала жазу өнерін меңгеру: Иедядан баспаға дейін" деп аталды. Іске ұйытқы болған облыстық әдістемелік орталығы. Мұнда педагогтар мақала жазудың әдіс-тәсілдерін үйреніп, қазіргі баспасөз саласының қыр-сырын меңгереді. Тақырып қою, мазмұнын саралау, идея өрбіту қағидалары түсіндірілді.

Педагог болған соң, мақал жазу тәсілін білген абзал. Себебі әр ұстаз шығармашыл тұлға ретінде бағалы. Оның үстіне білім саласында әрбір мұғалім баспасөз бетінде өзінің ой-пікірін, баламен жұмыс істеу кезінде қолданылатын амалдарын, кәсіби шеберлігін әріптестерімен бөлісіп, атқарып жатқан жұмыстарын таразылап отырғаны жөн. Қоғам қазіргі педагогтың әрекетін бақылап отырады. Бұл дәрістің маман үшін маңызы зор, - дейді облыстық әдістемелік орталықтың директоры Ғалия Мухметова.

Жетісулық ұстаздарға журналистер дәріс берді

Жалпы педагогке министрлік мақала жазып тұруды тапсырады. Оның білім саласының маманы үшін пайдасы көп. Мәселен, авторға ойларды нақты әрі сауатты айтуға, ақпаратты құрылымдауға, негізгі ұғымдарды қолдануға жол ашады. Сондай-ақ себеп-салдарлық байланыстарды бөліп көрсетуге, тәжірибені тиісті мысалдармен тұжырымдарды дәлелдеуге мүмкіндік береді.

Алдымен мақалаңыздың тақырыбын нақтылаған абзал. Сонда ой мен идея бір жерге тоғысады. Бір мақала тек бір тақырыпты ашуы тиістігін ұмытпаған жөн. Таңдап алған тақырып оқырман аудиториясын қызықтыра білуі маңызды. Лидке көңіл аударуы керек, - дейді орталық директорының орынбасары Айбек Кенжебеков.

Өзгелердің жаңалығы