Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу университетіне Канаданың Қазақстандағы елшісі Алан Хэмсон келді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
«Гендерлік зорлық-зомбылыққа қарсы 16 күндік белсенді іс-әрекет» акция шеңберінде студенттермен кездесіп, гендерлік саясат бойынша лекция оқыды.
Гендерлік зорлық-зомбылық, кемсітушілік тек Қазақстанда емес, әлем бойынша ушығып тұрған мәселе. Гендерлік теңдік, әйелдер құқықтарын қорғау, жыныстық белгі бойынша кемсітуге жол бермеу әрбір өркениетті елдің ұстанымы. Десе де көптеген әйелдер тұрмыстық қиындықтарды іште сақтап, айналасындағыларға айтуға қорқады. Біз оның алдын алу үшін адамдардың құқықтық сауаттылығын арттыруымыз керек, – деді Алан Хэмсон.
Сондай-ақ, елші студенттердің ер адам мен әйел теңдігі, әр ұлтқа тән менталитет жайлы сұрақтарына жауап берді.
Кездесу соңында университетте гендерлік теңсіздік бойынша өткен кейс-чемпионатының жеңімпаздарына сертификат табыстады.