Жетісулық әйел 8 қарияны қамқорлығына алған

11 Ақпан 2022, 15:28
1902
Бөлісу:
Жетісулық әйел 8 қарияны қамқорлығына алған

Алматы, BAQ.KZ. Алматы облысы Іле ауданының тұрғыны Саниям Мухамедсадыкова, өмірлік қиын жағдайда қалған қарттарға көмектесіп жатыр. Бұл туралы Алматы облысы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Оның айтуынша, бұл адамдар үлкен, мейірімді отбасының бір мүшесіне айналған. Олардың әр қайсысына ерекше күтім мен қамқорлық керек дейді. 
 

6 жыл бұрын мен көшедегі орындықта тәуліктеп  отырған қарияны көрдім. Жанына өте шығуға дәтім бармады, артынша өз үйіме алып келдім. Ол бізбен бірге 4 жыл тұрды. Сосын өзі құралпас жанмен бас қосты, бірақ біз әлі күнге араласып тұрамыз. Міне осылайша мен үлкен кімілерге қамқорлық көрсете басталым,-дейді Саниям.

Саниямның пейілін жолдасы да қолдаған. Сондықтан кейіпкеріміз өзінің жан-жары туралы зор ықылас пен ризашылықпен айтады.  Олар бірге зейнеткерлерге қамқорлық танытып, бір-біріне сүйеу болып жүр.


Айта кетейік, ерлі-зайыптылардың қос ұлы бар. «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің» демекші, балаларда ата-аналарына қарап, жанашырлық пен мейірімділік сезімін бойларына сіңіруде.
 

Өзгелердің жаңалығы