Жетісуға қар күрейтін техника қажет

21 Қараша 2024, 18:07
283
Бөлісу:
Жетісуға қар күрейтін техника қажет
Фото: автордан

Қыстың қарлы күндерінде қар күрейтін техниканың жетіспеушілігі білінеді. Әсіресе аудандарда арнайы көліктер жоқтың қасы, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Жетісу облысының табиғат жанға жайлы болғанымен кейде қар қалың түседі. Әсересе Алтын-Емел асуы, Достық ауылына барар жолдың беті қалың қардың астында қалады. Тіпті көліктер жолда қалып, құтқарушылар іске араласпаса болмайтын оқиғаларда жиі кездеседі. Сол сәтте техниканың тапшылығы сезіледі. Облыс орталығында да сондай жағдайдар болып тұрады.

Қыс мезгілі келіп қалды. Қар қалың жауса қала көшелерінде қатынау қиынға соғады. Әсіресе жаяу жүргіншілер жолын тазалау жұмысы қиын. Сол себепті біз арнайы техникаларға түгендеу жұмыстарын жүргіздік. Бүгінде 119 бірлік техника дайындалды. Ал инертті материалдардың 5360 тонна құм және 1652 тонна тұз дайындау жұмыстары жүргізіліп жатыр. Мердігер ұйымдардың қыс кезінде жолды қардан тазалау барысына аса мән беріп отырмыз, - дейді қала әкімінің орынбасары Қуаныш Сейтімбетов.

Айта кетейік көбіне техниканың тапшылығы Талдықорған қаласының ішінде ғана емес, сыртқы Текелі, Үшарал, Жаркент секілді қалаларда да сезіледі. Кейде ауыл халы өзара келісімге келіп, бірлесе қар күреп, жол ашады. Одан қалды төтенше жағдай департаментінің қызметкерлері алдын ала ескерту жібереді.

Техника қанша жерден мықты дегенімен қалың қар кезінде қала ішінде жүре алмай қаламыз. Ауылда тіпті қиын. Мәселен аудан орталықтарында қар күрейтін бар жоғы 2-3 техника ғана бар. Ол қарамағындағы 15-20 ауылдың қарың күреп, қалай жолын тазалай алады. Алакөл ауданы мен Панфилов аудандарынан облыс орталығына қатынау қиынға соғады. Тұз сепкенімен күртік қарды толық еріте алмайды,- дейді Достық ауылының тұрғыны Рима Телпекова.

Өзгелердің жаңалығы