Талдықорған қаласының әкімі Ернат Бәзіл облыс орталығындағы жарықсыз көшелерді аралады. Тұрғындар ескі шамдарды ауыстыру керектігін жеткізді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Облыс орталығында жаңа ықшамаудандарға көп көңіл бөлінетіні жасырын емес. Қаланың орталығы кіреберісіне қарай ойысып бара жатқанын тұрғындардың іші сезеді. Мәселен қаламен бірге қаланған шағын аудардардағы шағын көшелерде түнгі жарықтың жоқтығы жиі айтылып жүр. Осы ретте қала әкімі Ернат Бәзіл арнайы аралап, кейбір көшелердің шамдарын жаңарту керектігін тапсырды.
Алматы-Өскемен бағытындағы күре жолдағы жарықтардың жағдайын қалпына келтіру қажет. Жанбай тұрған жарық шамдарды ауыстыру, жол жиегіндегі ағаштарды ретке келтіріледі, - деді Е.Бәзіл
Бұдан бөлек қала әкімі қала аумағында мүлде жарықтандырылмаған көшелерді де аралап, жауаптыларға жоба жасап, қалып қалған көшелерде жарықтандыру керек екендігін айтты.
Алдабергенов көшесінің жарық шамдары әлсіз. Бұрынғы диодты шамдарды қарапайым лампалы шамдармен ауыстырып тастаған. Соның кесірінен шамдар сарғайып адамның көзін ауыртып тұр. Бір шамда екі лампочка орналасқан. Бірақ кейбір жерлерінде лампочканың біреуі жанып, біреуін жанбай тұр, тағы кейбір жерлерінде лампочкалары жыпылықтап тұр. Уалиханов көшесінің қиылысындағы талдардың кесірінен жарық көшеге түспей түр, -дейді қала тұрғын Дархан Есенбеков.
Мәселен, Щорса көшесінде жарық жоқ. Тұрғындар хат та, арыз да жазып, ЖКХ-ға тапсырған.
Олар жыл сайын келесі жылға қалдырады. 109 қызметіне де арыздандым. 109 қызметі 2024 жылы болады деді. Жарты жыл өтті. Әлі жасалмады. Көшеміз қала орталығында орналасқан. Бірақ, жарықсыз қала емес, бір ауылда тұратын сияқтымыз, - дейді Тұрар Рахимбекова.