Жетісудан 170 млн 600 мың теңге аударылды

28 Сәуір 2024, 18:07
507
Бөлісу:
Жетісудан 170 млн 600 мың теңге аударылды
Фото: фото Жетісу облысы әкімдігінен

Бұл қарғын судың астында қалған аймақтарға аударылған қаржылай көмек көлемі. Ақша «Демеу» қайырымдылық қорының есепшотына салынған, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Аталған соммада кәсіпкер, сала қызметкерлері, өңір тұрғындарының үлесі бар. Түстеп айтсақ, кәсіп иелерінен 76 млн 300 мың теңге, мемлекеттік қызметкерлер мен бюджеттік сала қызметкерлерінің бір күндік еңбекақылары 81 млн 400 мың теңге, сонымен қатар мешіт жамағаты мен ауыл тұрғындарынан – 12,9 млнтеңге жіберілген.

«Талай нәубетті басынан өткерген қазақ халқы осындай тығырықтан бірлігі мен жарасымдылығының арқасында шыққан. Алла тағала әр қиындықтың артына жақсылық жасырады. Бұл қауіп-қатерде сейіледі. Елдің ынтымағы мен мейірімін топан су баспасын. Бірлескенді жау жеңе алмайды», дейді облыстық Жетісу газетінің редакторы Жұматай Әміреев.

Күні кеше облыс атынан Батыс Қазақстан облысына 50 тонна ұн және Солтүстік Қазақстан облысына 40 тонна ұн жөнелтілді. Оданбөлек, Кербұлақ ауданына қарасты «ALACEM»цемент зауыты мың тонна цемент жолдады.

«Қазір өңірдегі жастар бір қолдың жұдырығындай жұмыла еңбек етіп жатыр.Еріктілер жиналған гуманитарлық көмекті мұқият жүк көлігіне тиеп, қарғын судан зардап шеккен халыққа аттандыруда. Біз жәрдем берем деген ағайынның сәлем-саухатынжанашырлықпен қабыл алудамыз», дейді «Жетісу Жастары» КММ-нің директоры Еркебұлан Ақболатов.

Талдықорғандағы 18404 әскери бөлімінің десанттық-шабуылдаушы бригадасының 200-ден астам әскери қызметшілері су тасқынымен күресуге аттанды.

Бүгінде облыс әкімдігі бастамашы болған қайырымды іске 8 аудан мен 2 қала, партиялар, ҚХА, ҮЕҰ, жас сарбаздар, волонтерлер, Жетісу жастары және т.б. азаматтар белсенді ат салысты..

Өзгелердің жаңалығы