Мұны премьер-министр Олжас Бектенов Жетісу облысының әкімдігіне міндеттеді. Биыл Сарыөзек – Көктал жолы 60 пайызы аяқталады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Бұған дейін Үкімет басына Жетісу облысындағы автожолдарды дамытуға қатысты депутаттардың сауалнамасы жолданған еді. Соған орай премьер-министр арнайы тапсырма берді.
Жетісудағы Сарыөзек-Көктал жолының жалпы ұзындығы 178 км құрайды. Былтыр 42 км жолды, яки 68-110 км орташа жөндеу жұмыстары тәмамдалған. Бүгінде 85 км жол орташа және күрделі жөндеумен қамтылған және осы жылдың соңына дейін 23 км, яки 45 – 68 км пайдалануға беріледі. Қалған 62 шақырым жол 2025 жылдың соңына дейін пайдалануға берілетін болады, - деді Үкімет басшысы.
Айта кетейік, Сарыөзек – Көктал жолының 51 шақырымына сыртқы қаржыландыру көздері есебінен орташа жөндеу жүргізіледі. Бұл респудликалық маңызы бар жолдың сапасын жақсартуды үлкен рөл атқармақ.
Одан бөлек, облыстық маңызы бар Лепсі – Ақтоғай автомобиль жолының жалпы ұзындығы 110 км құрайды. 2021 жылы сол жолдың 35 шақырымына реконструкциялау жұмыстары жүргізілген еді. Осы күні сол жолдың ұзындығы 75 км (35 – 110 км) қалған учаскесін реконструкциялау жұмыстары атқарылып жатыр.
Сарыөзек-Көктал жолында былтырдан бері құрылыс жұмыстары жүріп жатыр. Аса ұзақ жол емес, 2-3 жылдап жасайтындай. Тезірек бітіргені абзал болатын еді. Ары-бері қатынаған халыққа ауыр, оның үстіне көлік жүргізушілері көлігінің дөңгелегі жиі жарылатынын айтады. Қалаға апаратын тас жол осы, - дейді Сарыөзек ауылының тұрғыны Асланбек Асанбаев.
Айта кетейік, премьер-министр Олжас Бектенов Жетісу облысының әкімдігінің алдына келер жылдыңаяғына дейін осы жолды реконструкциялауды толығымен аяқтау міндетін қойды.