Жетісудағы онкологиялық орталық ескірген

16 Мамыр 2024, 11:29
995
Бөлісу:
Жетісудағы онкологиялық орталық ескірген
Фото: pixabay.com

Көп жылдан бері облыстағы онкологиялық орталық толыққанды медициналық көмек көрсете алмауда. Нысан әбден ескірген, ішкі бөлімшелері тозған. Аппараттарын жаңарту қажет, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Тұрғындар, осы мәселені көтеріп жүргеніне бірнеше жылдың жүзі болды. Заманауи апараттармен қамту үшін инвестордың көмегі қажет. Кетеуі кеткен емдеу бөлімдеріне жөндеу жұмыстарын  жүргізу керек. Ал облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Арман Жансеңгіровтің айтуынша бұл мәселе көп ұзамай өз шешімін табуы тиіс.

Жетісулықтардың осы уақытқа дейін айтқан өтініш-тілегі біздің жадымызда. Былтыр денсаулық сақтау министрі келгенде де осы мәселе көтерілген еді. Бүгінде онкологиялық диспансерді инвесторлар есебінен салу жоспарланып отыр. Көпке аян, ғимарат өте ескі. Алдағы уақытта Қаратал шағын ауданындағы облыстық жұқпалы аурулар ауруханасының маңында онкологиялық орталықтың құрылыс жүргізіледі. Біз қазір қажетті жобалау-сметалық құжаттамаларын дайындап жатырмыз, - деді А.Жансеңгіров.

Оның айтуынша, «Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық  жобасы шеңберінде республикалық бюджеттен өңірге 238 млн теңге бөлінген. Оған 33 бірлік медициналық техника сатып алынған. 

Одан бөлек, алдағы уақытта 15 дәрігерлік амбулатория, 39 фельдшерлік-акушерлік және 5 медициналық пункт салынады.

Жалпы, 60-қа тарта денсаулық сақтау нысанын салуға жер-кадастрлық жоспарлар дайын. Облыс бюджеттен аталған жұмысқа жарты млрд теңге кеткен.

Медицина кешендері өңірдегі барлық аудандарға салынады. Сонымен қатар жобаға Панфиловтегі көпсалалы аурухана да енгізілген. Жаркенттегі медицина нысаның қалпына келтіріп, жаңа блогын салу үшін 142 млн теңгеге келісім-шарт жасалынған.

Өзгелердің жаңалығы