Жетісуда жүзге жуық өрт оқиғасы болған

Бүгiн, 13:24
135
Бөлісу:
Жетісуда жүзге жуық өрт оқиғасы болған
Фото: Ерболат Бекболат

Жылыту маусымы басталғалы бері, өңірде 98 өрт оқиғасы орын алды. Өрттің басым көпшілігі жеке тұрғын үй секторларында тіркелген, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

2024 жылдың қорытындысына сүйенсек, Жетісу өңірінде 419 өрт оқиғасының болғаны анықталды. Нәтижесінде, 11 азамат жарақаттанып, 10 адам көз жұмған. Сонымен қатар, табиғи газ салдарынан бір жағдай тіркелсе, екі газ баллоны жарылған.

Қаңтар айынан бастап облыс көлемінде 5 өрт оқиғасы болған. Нақтылап айтсақ, Панфилов, Сарқан, Ескелді аудандары мен Талдықорғанда қызыл жалын жұртты әбігерге салды. Осындай оқыс оқиғалардың алдын алу мақсатында, сала қызметкерлері үй-үйді аралап, халыққа  сақтандыру шараларын түсіндірір жатыр.

Төтенше жағдай департаментінің қызметкерлері өртке қатысты сақтық шараларының дұрыс сақталуын жіті қадағалауы керек. Мәселен, жиі кездесетін өрт оқиғалары бала үйде ата-анасының қарауынсыз қалған жағдайда орын алады. Сондай сәтте тұрғындар не істерін білмей, дене жарақаттарын алып қалады, тіпті, тілсіз жау құрбаны болғандар бар. Сондықтан, бұл бейжай қарайтын мәселе емес. Электр жарығын да уақытылы тексеріп отыру керек. Себебі, электр тоқтарынан кеткен ақаулар адам өміріне айтарлықтай қауіп төндіреді,-  дейді қала тұрғыны Марат Тоқтамұратов.

Қала бойынша жалпы 20 профилактикалық жұмыс жүргізіліп, бүгінде 1960 сақтық шараларына байланысты жарнама үлестірілді.

Жетісу облысы Төтенше жағдай департаменті және құзырлы органдармен бірге, тұрғын үйлерді аралау рейдтік жұмыстары және профилактикалық жұмыстар жүгізілуде. Өрттің шығуының негізгі себебі электр құрылғыларын пайдалану барысындағы талаптарды сақтамаудан болып отыр,- дейді қалалық ТЖБ аға инженері Жан Орысбай.

Ақмарал Қайрат

Өзгелердің жаңалығы