Көксу ауданындағы Алматы-Өскемен автожолының 211 шақырымында жол апаты болды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Toyota Camry жүргізушісі, рульді басқара алмай, көліктің аударылуына жол бергені алдын ала анықталды. Жол апаты салдарынан жүргізуші мен оның жолаушысы оқиға орнында көз жұмды. Тағы екеуі түрлі жарақаттармен облыстық ауруханаға жатқызылды.
Аталған факті бойынша қажетті сараптамалар тағайындалып, тергеу амалдары басталды.