Жетісу облысында құтқарушылар жоғалған балықшыны тапты, деп хабарлайды BAQ.KZ Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап.
Белгілі болғандай, Алакөл ауданы Ақши ауылынан 6 шақырым қашықтықта құтқарушылар жоғалған балықшыны іздестірген. Ол көлігінен ұзап барып, балық аулағаннан кейін қараңғы түскен кезде жолдан адасқан.
Құтқарушылардың жедел әрекеттерінің арқасында ер адам Алакөл көлінің сол жақ жағалауынан табылып, елді мекенге аман-есен жеткізілді. Медициналық көмекке мұқтаж болған жоқ, - делінген ведомство таратқан хабарламада.
ТЖМ тұрғындарға жақындарына әсіресе шалғай аудандарда өздерінің қозғалысы туралы хабарлау және әрқашан өздерімен байланыс құралдарын алып жүру қажеттілігі туралы ескертеді.