Жетісуда жоғалып кеткен 3 жасар баланың денесі табылды

Бүгiн, 16:35
159
Бөлісу:
Жетісуда жоғалып кеткен 3 жасар баланың денесі табылды
VIDEO
Фото: скрин

Жетісу облысында 11 күн бұрын Көксу ауылында хабар-ошарсыз жоғалып кеткен 3 жасар баланың денесі табылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

18 қыркүйекте іздестіру шараларының барысында, Көксу ауылы Мұқаншы өзенінің түбінде, із-түзсіз жоғалған баланың мәйіті табылды. Алдын ала мәліметтер бойынша, зорлық-зомбылықпен өлу белгілері жоқ.

Полиция ата-аналар мен қамқоршыларды ерекше мұқият болуға және балаларды қараусыз қалдырмауға шақырады. Сіздің назарыңыз бен қамқорлығыңыз болашақта мұндай қайғылы жағдайлардың алдын алуы мүмкін. ТЖД қызметкерлеріне, Ұлттық ұланға, жергілікті атқарушы органға, жергілікті тұрғындар мен еріктілерге іздеу барысында көрсеткен баға жетпес көмегі үшін алғыс білдіреміз , - делінген Жетісу облысы ПД таратқан хабарламада.

Өзгелердің жаңалығы