Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Жетісуда жантүршігерлік жол апатынан 5 адам ажал құшты

Бүгiн, 00:20
296
Бөлісу:
 скрин
Фото: скрин

Жетісу облысында жол-көлік оқиғасынан бірден бес адам қаза тапты. Қайғылы оқиғаның егжей-тегжейін аймақтық полиция департаментінің баспасөз қызметі растады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Жол сақшыларының сараптауынша, қайғылы жол-көлік оқиғасы 24 қаңтарда Ақсу ауданында болған. Кешқұрым уақытта "Көшкентал-Қапал" автожолының 4-ші шақырымында екі жеңіл автокөлік бір бірімен бетпе бет соқтығысқан. Toyota Avalon және Toyota Camry маркалы машиналардың жолаушылары жан тәсілім еткен. Апат туралы хабарланғаннан кейін оқиға орнына жедел-тергеу тобы келген.

Апат салдарынан бес адам қаза тапты. Түрлі дәрежедегі дене жарақаты бар екі жолаушы медициналық көмек көрсету үшін ауруханаға жеткізілді, – деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.

Оқиға фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Сотқа дейінгі тергеу басталды, оның шеңберінде трагедияның себептері мен мән-жайлары белгіленеді, сондай-ақ болған оқиғаның барлық ықтимал нұсқалары тексеріледі. Қара жолда қарсы бетке шығып, қауымды қара жамылдырған ақылсыз жүргізушілерге қатысты да тергеу басталды. Оқиға полиция департаменті басшылығының ерекше бақылауында.

Өзгелердің жаңалығы