Жетісуда велошеру өтті

22 Қыркүйек 2024, 15:27
316
Бөлісу:
Жетісуда велошеру өтті
Фото: автордан

Облыс орталығында 200-ден астам адам қала күніне орай велошеруге қатысты. Кейбір тұрғындар қала әкімшілігінің бұл әрекетін сынады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Талдықорғанның туған күні қарсанында түрлі іс-шаралар қолға алынып жатыр. Соның бірі қала басшысының қатысуымен өтетін түнгі велошеру жиыны. Мұнда жастардан бастап ардагерлерге дейін велосипедпен қыдыруы шарт. Бұл іс-шара осымен бесінші рет ұйымдастырылып отыр.

Әрбір тұрғынның спортпен айналысуы маңызды. Бұл адам денсаулығыны таптырмас ем. Сондықтан осындай жиындарды жиі ұйымдастырып тұрса дұрыс болар еді. Жастардың көңіл күйі көтеріңді, үлкендерден қалыспауда. Түнгі серуен адам өмірін ұзарттатын жаттығулардың бірі. Сол себепті халықтың дені осы спорт түрін жақсы көреді, - дейді қала тұрғыны, зейнеткер Асылбек Жарылқасынов.

Алайда әлеуметтік желіде түрлі пікірлер айтылды. Журналист Сандуғаш Дүйсенова өз әлеуметтік парақшасына халықты демалыс күні әурелеуге болмайтынын жазды. Оған айтылған коментариялар әртүрлі. Дегенмен басым бөлігі қала басшысының әрекетін құптауда.

Әсем қаламыздың 80 жылдығына орай ұйымдастырылған іс-шара жетісулықтар үшін маңызды. Талдықорған көркейіп келеді. Әрбір тұрғынның соны сезінгені дұрыс, - деді қала басшысы Ернат Бәзіл.

Қадырғали Жалаири даңғылынан бастау алған кешкі велошеру орталық алаңда түйінделді. Жалпы алғанда 8 км-ді құрады. Мұнда кәсіби велосипедшілер, мемлекеттік қызметкерлер мен қала тұрғындары да белсенділік танытты. Дәстүрге айналған түнгі велошеруге «Bketeam_tdk», «Velopark.tdk», «Velofiends», «Velotrveltekel», «Вiketeamgroup», «Womencenter_taldyk» велосипедшілер қауымдастығының өкілдері атсалысты. Одан кейін түрлі ойын ойнатылып, сыйлықтар таратылды.

Өзгелердің жаңалығы