Жетісуда Талдықорған қаласы мен Қарасай ауданының кәсіпкерлері қатты зардап шекті

12 Қаңтар 2022, 16:21
1630
Бөлісу:
Жетісуда Талдықорған қаласы мен Қарасай ауданының кәсіпкерлері қатты зардап шекті

Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Алматы облысы Кәсіпкерлер палатасының директоры Ләззат Шыңғысбаева Алматы облысында болған жаппай тәртіпсіздіктен 120 кәсіпкер зардап шеккенін мәлімдеді.

Шыңғысбаев зардап шеккен кәсіпкерлерді тіркеу бойынша арнайы комиссия құрылып, олармен тығыз байланыста екенін жеткізді.

Негізінен Талдықорған қаласы мен Қарасай ауданының кәсіпкерлері зардап шекті. Кәсіпкерлердің шығыны 8,5 млрд теңге көлемінде болып отыр, ол әлі де  артуы мүмкін. Өйткені кәсіпкерлер нысандарына енді ғана барып жатыр. Зардап шеккен 120 кәсіпкердің жартысы орта бизнес өкілдері. Әсіресе сауда саласы ең қатты зардап шеккен, яғни 80 пайызы,-деді ол.

Сонымен қатар ол ірі сауда орындарында қымбат заттар сататын бутиктер тоналғанын айтты.

Зергерлік бұйымдар, тұрмыстық техника, ұялы телефондар және қымбат бренд киімдер тоналған. Азық-түлік дүкенінде де тонаушылар қымбаттау деген заттарды ұрлаған, арзан нәрелерге ешкім тимеген,-деді палата директоры.

Сөз арасында ол қазір мемлекеттік қор құрылып жатқанын және зардап шеккен кәсіпкерлер көмексіз қалмайтынын жеткізді.

Өзгелердің жаңалығы