Жетісуда су, газ, электр, кәріз желілері тозған

30 Тамыз 2024, 20:17
507
Бөлісу:
Жетісуда су, газ, электр, кәріз желілері тозған
Фото: автордан

Өңірде сумен жабдықтаудың 34%-ы, кәріз желісінің 58,1%-ы, газ құбырлары мен электр желілерінің 87,2%-ы, жылу желілерінің 50%-ы тозған, деп хабарлайды хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Ауылдағы су құбырлары қоқысқа толы

Талдықорған қаласының құрылғанына 80 жылға таяды. Кейбір құбыр желілері содан бері жөнді жөндеу жұмыстарын көрмеген. Қараңыз, 3841 км сумен жабдықтау желілерінің 34%-ы, 620 км кәріз желісі 58,1%-ы, 2089 км газ құбырлары және 13,5 мың км электр желілерінің 87,2%-ы ескірген. Тіпті кейбірі істен шығуға жақын десек те болады. Ол ол ма, облыста 24 негізгі жылу энергиясы көздері бар, жылу желілерінің жалпы ұзындығы 390 км құрайды. Мұның жартысы тозған. Мұны бізге облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Айдос Бекетаев былай түсіндірді.

Биыл 15 бюджеттік бағдарлама бойынша жобаларды іске асыруға басқармаға 47,3 млрд теңге мөлшерінде бюджет қаражаты бөлінді. Оның ішінде ұлттық қордан – 12,5 млрд теңге, РБ – 4,3 млрд теңге, ЖБ-30,5 млрд теңге қарастырылған. Бүгінге дейін 21,8 млрд. теңге игерілді. Сумен жабдықтауда 325 елді мекен орталықтандырылған сумен, 26 ауыл орталықсыздандырылған сумен, 7 ауыл импорттық сумен қамтамасыз етілді. Былтырсумен жабдықтау желілерін салу және қайта жаңарту бойынша 25 жобаны іске асыруға 6,4 млрд теңге бөлінді. Орталықтандырылған сумен жабдықтау 2 ауылды қамтамасыз етіп, 9 елді мекенде 112 км сумен жабдықтау желілері қайта жөнделді”, дейді А.Бекетаев.

Осы жылы өңірді толық сумен қамту үшін 22 жоба іске асырылуда, оның 13-і былтырдан бері келе жатыр. Осы ретте сумен жабдықтау жүйелерін салуға және реконструкциялауға 7,3 млрд теңге бөлінген. Бүгінге дейін орындалған жұмыстардың жалпы көлемі 50% құрайды. Жыл соңына дейін 22 жобаның 19-ын аяқтауды жоспарлануда. Аталған жобалар бойынша полиэтилен құбырлардан сумен жабдықтау желілерін толық ауыстыруды және салуды, сондай-ақ жаңа ұңғымаларды бұрғылауды және жаңа су тартуларды салуды көздеп отыр.

Жыл соңына дейін жоғарыда аталған жобаларды уақтылы және сапалы іске асыру нәтижесінде 402,9 км желі салынады, облыстың 17 елді мекенінде ауыз су сапасы жақсарады. Яки 47 077 адам қамтамасыз етіледі. Орталықтандырылған сумен жабдықтауға тағы 2 ауыл қосылады. Атап айтсақ, Алакөл ауданының Тоқжалау ауылы, Бибақан ауылы, халқы 2434 адам, 327 елді мекен немесе 91,3% орталықтандырылған суға қол жеткізеді”, дейді басқарма басшысы.

Ең өкінішітісі, ауыл халқы су желілері жүргізілген жер құбырларын қоқысқа толтырып тастаған. Көп елді мекендерде құбыр қақпағын темір қабылдайтын орындарға сатып жібергені анықталып отыр.

Жылу желілері жол бөгеп тұр

Аудандық жылумен жабдықтау жүйесіндегі негізгі жылу көздері Текелі қаласының жылу электр станциясы және 5459 абонентті орталықтандырылған жылумен жабдықтауды қамтамасыз ететін 23 қазандық болып табылады. Олардың жалпы ұзындығы 400 километрді құрайды. Міне, соның 200 жуық километрі тозған. Оны жетісулықтарда жақсы түйсінеді. Мәселен осы саладан талай жылдан бері еңбек еткен инженер Арыстанбек Толманов жылу желілерін қайта жасақтамай болмайтынын айтады.

Жетісуда су, газ, электр, кәріз желілері тозған

Біз кеңес өкіметінен қалған қазандықтарды әлі де пайдаланып отырмыз. Олардың күші жақсы болғанымен қазіргі жылу желілерінің жарылуына себеп болып отыр. Қазір көбі пластикалық жұқа құбырларды пайдаланады. Оның қуаты көпке шыдайды. Оның үстіне халық саны жылдан жылға көбейіп барады. Бір Талдықорғанның өзінде соңғы 4-5 жылда бірнеше ықшамауданы бой көтерді. Қанша зәулім үйлер ірге қалады. Соның бәріне жаңа қазандық салу керек. Қысты мамандар қазандықты аямай жаңады да құбырларды жарады. Оның күш қуаты бірнеше нысанды жылытуға жетпейді”, дейді А.Толманов.

Басқарма мамандарының айтуынша, алдағы жылыту маусымын дайындауға және өткізуге бюджеттен 10,9 млрд теңге бөлінген. Оның ішінде жылумен жабдықтау нысандарын жөндеуге - 3,9 млрд теңге, отын сатып алуға - 7 млрд. теңге қарастырылған. Кәсіпорындардың жеке қаражаты – 359,2 млн теңге екен. Жылыту маусымының басына қарай (15 қазанға дейін) 2 турбина жөнделеді. Нақтылай кетсек, кенді шаһарда күрделі жөндеуден және ағымдағы жөндеуден өтеді. Бүгінде жұмыс 75% аяқталған. 40 қазандық дайын. 13,5 км жылумен жабдықтау желілері жөнделіп жатыр.

2024 жылы 4 жылумен жабдықтау жобасын іске асыруға бюджеттен 3,9 млрд теңге бөлінді.Талдықорған қаласында Дарабоз ана, Абай, Гаухар ана, Балпық би көшелеріндегі 1,8 км жылу желілерін қайта жаңартылды. Былтыр Абай көшесінде ұзындығы 600 метр болатын жұмыстар аяқталды. Биыл Қабанбай батыр көшесіндегі 700 метрлік желінің қайта жөндеу жұмыстары жүргізілді.Қазіргі уақытта қалған 500 м. Балпық би көшесінде жұмыстар жүргізілуде. Жобаны іске асыруға жергілікті бюджеттен 500 млн теңге бөлінді, – дейді А.Бекетаев.

Оның айтуынша, аталған жобаны іске асыру нәтижесінде қаланың орталық бөлігі мен шағын аудан объектілері пайда болған. Қаратал 42,5 Гкал/сағ қуаттылығы бар No2 орталық қазандыққа қайта қосылады. Бұл өз кезегінде Басқуат қазандығына түсетін жүктемені (10-15 Гкал/сағ-қа) едәуір төмендетуге мүмкіндік береді.

Жаз басталғаннан бері облыс орталығында бірнеше көше жабылып, жылыту желілерін жазу жұмыстары жүріп жатыр. Бүгінде дені аяқталып, бірнеше көше ашылды. Төлебаев көшесі мен Алдабергенов көшесінен Жансүгіров көшесіне дейін, жалпы ұзындығы 1,1 км жылу желісі жасалды. Қажетті материалдарды сатып алуға облыстық бюджеттен 300 млн теңге бөлінген. Одан бөлек, Үшарал қаласындағы қуаты 30 Гкал/сағ жаңа қазандықта құрылыс-монтаж жұмыстары жалғасуда. Бүгінгі таңда 3 қазандық орнатылды, ғимараттың қаңқасын орнату жұмыстары жүргізіліп жатыр. 70% жұмыс аяқталған. Сондай-ақ Үштөбеде қуаты 12 Гкал/сағ (3 Гкал/сағ 4 қазандық) блок-модульді газбен жұмыс істейтін қазандықты іске қосылады. 2021 жылдан бастап 17 шақырымды қайта жаңарту жобасы кезең-кезеңімен жүзеге асырылуда.

Текелі қаласының «Алатауы» АҚ жалпы сомасы 3,4 млрд. Теңгені құрайды. 2024 жылға дейін 1,6 млрд. теңге игерілді, нәтижесінде 7 км желі қайта жөнделді. Биыл 1,8 млрд теңге бөлінді, қалған 6 км желіні қайта жаңарту жоспарланған. Одан бөлек «Инвестициялардың орнына тариф» бағдарламасы аясында «Талдықорғантеплосервис» МКК 5,3 км жылумен жабдықтау желілеріне (34 учаске) жөндеу жұмыстарын жүргізуде. 3 қазандықты қайта жаңарту қажет. Қаблиса жырау көшесі бойынша – 762 м, Біржан сал көшесі – 640 м, Спатаев көшесі – 440 м желілердің 81%-ға аяқталды, – дейді басқарма басшысы.

Жеке инвестициялар есебінен 2024 жылға Текелі қаласында қуаты 21 МВт жаңа құрама циклді зауыттың бірінші кезеңін қорытындылау жоспарланып отыр. Бүгінгі таңда жабдық ішінара жеткізілді, газ турбиналы агрегат орнатылды, ашық коммутатор салу жұмыстары аяқталу сатысында және құрылыс қаңқасын орнату жұмыстары жүргізілуде.

Ескірген электр бағандары

Облыста барлығы 13,7 мың км тарату желісі және 2,6 мың қосалқы станция бар. Электр желілері мен негізгі жабдықтардың 90%-дан астамы «ТАТЕК» АҚ өңірлік электржелілік компаниясына жеке меншікте. «ТАТЕК» АҚ электр желілері мен жабдықтарының тозуы 87,2%-ды құрап отыр.

Электр желілерін өзгерту оңай емес. Дегенмен қазірден бастап біртіндеп жүзеге асырмаса түбі үлкен шығынға әкеледі. Өңірде станциялардың жаңасы жоқ. Әрине басқарма әртүрлі ақпараттар таратқанымен, қалған іске жарамды тоқтардың түді тозатыны белгілі. Меніңше оларда 3-4 жылда істен шығады. Бұл тек қана Жетісудың проблемасы емес, бүкіл өңірде осындай ахуал. Енді оның тілін нақты білетін мамандар жоқ. Халық саны көбейген сайын жарыққа сұраныс артады. Ал біздің энрегия қуатымыз жылдан жылға сарқылып барады. Электр бағандары да тозып кеткен, – дейді ардагер электрик Аманжол Тынымбаев.

Бұгінде осы мәселенің алдын алу үшін «Инвестициялардың орнына тариф» бағдарламасы аясында электр желілерінің тозу дәрежесін төмендету бойынша «ТАТЕК» АҚ-ның 2029 жылға дейінгі инвестициялық бағдарламасының көлемін ұлғайту бойынша шаралар қабылданған. Жалпы, «Инвестициялардың орнына тариф» бағдарламасы аясында 2023-2029 жылдар аралығында инвестициялардың жалпы көлемі шамамен 11,8 млрд теңгені құрайды. Осылайша, 7 жыл ішінде желілер мен жабдықтардың 12%-ын жаңарту жоспарланып отыр. Амортизация деңгейiнiң төмендеуi 15%-ға жектен.

Инвестициялық жоба есебінен 80,4 км электр беру желілерін жаңғырту бойынша 11 жоба және 1,6 млрд теңге сомасына 4 қосалқы станция бойынша жұмыстар жүргізілуде. Жыл соңына дейін амортизацияны 2,4%-ға төмендету жоспарланып отыр. Бүгінгі таңда 11-6 жоба аяқталды.

2023 жылы 1 млрд теңгеден астам сомаға электр желілері мен жабдықтарын жаңғырту бойынша 8 жоба жүзеге асырылды. 47,8 км жоғары вольтты электр беру желілері мен 3 қосалқы станция қайта жөнделді. Жөндеу жұмыстары Қаратал, Кербұлақ аудандары мен Текелі, Талдықорған қалаларының тозған нысандарын қамтыды. Ағымдағы жылы 5 жобаны жүзеге асыруға 1 млрд теңге бөлінді. Нәтижесінде 90 км электр беру желілері салынады және қайта жаңартылады. Алакөл ауданының елді мекендері мен курорттық аймақтарындағы электр желілері мен қосалқы станцияларды шамадан тыс жүктеу мәселесін шешу мақсатында, 1-кезең жобаны түзетуді аяқтап, ұзындығы 56,7 км болатын 110 кВ электр беру желісі бар жаңа Ақши қосалқы станциясын салуға оң сараптамалық қорытынды алдық. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігіне бюджеттік сұрау салу жіберілді, – дейді басқарма басшысы А.Бекетаев.

Көгілдір отынға сұраныс көбеюде

«2030 жылға дейінгі перспективасы бар Жетісу облысын кешенді газдандыру» өңірлік схемасы бойынша облыс бойынша 358 елді мекеннің 192-і газдандыруға жатады. Бүгінде облысты газдандыру деңгейі 47,6% құрайды. 37 елді мекен газдандырылды, 333,5 мың адам газға қол жеткізді. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, біздің алдында 2025 жылдың соңына дейін табиғи газбен қамтамасыз ету міндеті тұр. 126 елді мекеннің 1-кезеңі, яки 101 ауыл – Кербұлақ ауданынан Талдықорғанға дейін және Панфилов ауданының 25 ауыл көгілдір отынға кеңелмек. Ал Ақсу, Сарқан және Алакөл аудандарының 66-шы елді мекендерінің 2-кезегі 642 мыңнан астам тұрғынды қамтыды.

Өкінішке қарай, 2022 жылға дейін тек 5 ауыл ғана газдандырылды. Олар Көксу ауданының Балпық би ауылы, Ескелді ауданы Қарабұлақ ауылы, Панфилов ауданының Жаркент қаласы, Еңбек ауылы және Талдықорған қаласы бар.Былтыр 17, биыл 11 ауыл газдандырылды. Жыл аяғына дейін тағы 30-ға жуық елді мекен газға қосылады. Нәтижесінде 363,4 мың адам газға қол жеткізе деп күтілуде.

Көксу ауданы - 14, Қаратал ауданы - 2, Ескелді ауданы - 9, Талдықорған қаласы - 1 ауыл газга қол жеткізеді. Жалпы ұзындығы 339 км газ тарату желісі салынады. Осы мақсаттарға ағымдағы жылы бюджеттен 12,0 млрд. теңге бөлінді. «Самұрық-Қазына» АҚ дивидендтері есебінен құрылыс-монтаж жұмыстарын уақтылы аяқтауға 10,4 млрд. теңге қарастырды. 22 жобаны аяқтауға – 5,6 млрд теңге жұмсалады. 21 жоба бойынша жұмысты бастауға – 4,8 млрд теңге, құрылыс-монтаж жұмыстарын аяқтау үшін 10,7 млрд теңге қажет. Сондай-ақ, ағымдағы жылдың қыркүйегінде 24 елді мекенде газбен жабдықтау желілерінің құрылысын бастау жоспарланып отыр, – дейді облыс әкімінің орынбасары Әсет Қанағатов.

Бүгінгі таңда құны 131,7 млрд. теңге болатын Талдықорған-Үшарал магистральды газ құбырының құрылысы басталды. Жобада ұзындығы 302,0 км магистральдық газ құбырын салу, 6 АГТС орнату көзделген. Бұл 124 мың халқы бар тағы 66 елді мекеннің газға қосылуын ұлғайтуға мүмкіндік береді. Жоба үстіміздегі жылдың тамыз айында басталды. Талдықорған-Үшарал газ құбырының құрылысын аяқтау 2026 жылдың соңына жоспарланған.

Шыны керек, жылдан жылға газға деген сұраныс артып келеді. Тіпті халық ауылға газ желісі кірген бетте бірден үйіне тартып алуды. Қарызданып-қауғаланып көгілдір отынға қол жеткізуге ұмтылады. Соның бірі Көксу ауданына орталығы Балпық би ауылының тұрғыны Амангүл Серікбаева. Ол көпбалалы ата-ана болса да өз қаражатына үйіне газ кіргізген.

Облыстан біздің әлеуметтік жағдайымызға байланысты ешқандай көмек болмады. Дегенмен өзіміз несие алып бірден газ тартып алдық. Себебі қыста жолдасым жұмыста болғандықтан өзіме отын жағу, көмір тасу әуре. Балаларда әлі кішкентай. Аудындақ әкімшілікке барып едік, бұл іспен жеке компаниялар айналысқандықтан ешқандай көмек болмайтынын жеткізді. Осылай өзім әрекет еттім, – дейді А.Серікбаева.

Қазір өңірдегі шалғай ауылдар газ қашан келде ідеп күтіп отыр.

Өзгелердің жаңалығы