Жетісуда қысқы спорт дамымаған

Кеше, 20:28
155
Бөлісу:
Жетісуда қысқы спорт дамымаған
Фото: Бауыржан ЖУАСБАЕВ -архив

Таулы аймақта қысқы спорт түрлеріне көңіл енді бөлініп жатыр. Тұрғындар шаңғы, коньки тебетін алаңдардың аз екенін айтады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Жалпы Жетісуда қысқы спорт түрлерін дамыту бойынша арнайы жоспарлар қойылған. Қары қалың Текелі қаласының іргесіндегі тауларға сенбі-жексенбі өңір тұрғындары сырғанауға барады. Бірақ ол жақта ешқандай инфрақұрылымдық жүйе құрылмаған. Жеке кәсіпкерлер шама бар шағын бизнес ретінде қарастырады. Ол жерде қауіпсіздік шаралары толық қарастырылмаған. Сондықтан тұрғындар жергілікті биліктен қысқы демалыс аймағын салуды сұрап отыр.

Біз шаңғы жарысы бойынша қысқы спорт түрлерін дамыту мақсатында Лепсы ауылы мен Сарқан және Алакөл аудандарына спорттық секциялар ашып жатырмыз. Қазіргі уақытта облыста қысқы спорт түрлері бойынша 188 секция жұмыс істейді. Оларда қысқы спорттың 7 түрімен 3727 спортшы айналысады. Оның 2506-сы ауылдық жерлерде тұрады. Бұл облыс тұрғындарының спортпен шұғылданатын жалпы санының 1,4%, - дейді облыстық Дене шынықтыру және спорт басқармасының бөлім басшысы Дидар Орынтай.

Шыны керек, облыста қысқы туризмнің деңгейі төмен. Себебі арнайы демалуға баратын орындар жоқ. Бар болғанның өзінде онда туристі қызықтыра алатын ешқандай жағдай жасалмаған. Қысқы спортты дамытса, тауға құмар халық қуанып қалар еді.

Балаларға арналған керленг, мәнерлеп сырғанау, шорт-трек және шайбалы хоккей алаңдары жоқтың қасы. Бірнәрсе үйретейін, секцияға жаздырайын десек жақсысын таппаймыз. Қысқы спорт түрлері кенжелеп келеді. Мәселен менің ұлым хоккейге қатты қызығады. Ал бізде бұл спорт атымен жоқ. Алматыға қатынау қыста мүмкін емес. Жол алыс, бала үшін уайымдап отырамыз, - дейді қала тұрғыны Игорь Чербаков.

Өзгелердің жаңалығы