Өткен жылдан бері Қытай мен Қазақстан шекаралық аймағында орналасқан «Қорғас» ынтымақтастығы орталығы 2 млн астам адамға қызмет көрсеткен, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Жетісудың бір жыртығын жамап отырған екі шекаралық аймақ бар десек, соның әлеуеті жоғарысы Қорғас шекара маңы ынтымақтастық халықаралық орталығы. Бұл аймақ негізінде Панфилов ауданына қарайды. Соның нәтижесінде аталған ауданға 30 млрд-қа жуық инвестиция құйылған. Бұл өте жақсы көрсеткіш. Былтырдан бері 36,3 мың тонна жүк тасымалданып, миллиондаған адамға көмек көрсеткен.
Жалпы аудан экономикасы жыл санып өсіп келеді. Қытайға жақын болғандықтан әлеуеттік күші де, инвестор тартуда да бәсекеге қабілетті. Жалпы 28,8 млрд теңге инвестиция тартылды десек, соның басым бөлігі бюджеттен тыс қаржы саналады. Алға қойған жобалардың деншілігі жүзеге асты. Сауда-саттық саласы өркендеп келеді, туризмге көңіл бөлініп жатыр, дейді Жетісу облысының әкімі Бейбіт Исабаев.
Жалпы алдағы 4 жылда «Қорғас» ШЫХО аумағында 33 жоба жүзеге асады. Оның жалпы құны 245 млрд теңгені құрап отыр. Бәрі ойдағыдай болса, 6 мыңға жуық жұмыс орны ашылады. Бұл дегеніміз өңірдің әлеуметтік деңгейін көтеретін үлкен серпін болмақ. Одан бөлек шығыс қақпасына да жаңа жобалар әзірленіп жатыр.
Сауда саласында Қорғастың көмегі зор. Қарапайым тұрғындардың қалаған уақытынды кіріп қажетті затын сатып ала алады. Тіпті сол арқылы ауыл ішінде шағын дүкендер көбейіп келеді. Қазір салаға қажетті мамандарды даярлау жұмыстарын қолға алу қажет. Содан кейін «Қорғас-Шығыс қақпасы» арнайы экономикалық аймағын дамыту қажет. Жаңа жұмыс орындары ашылса, жастар қалаға кетпей өңірдің әлеуетін көтереді, дейді ауыл тұрғыны, кәсіпкер Сәуле Толғанбаева.