Жетісуда қант қызылшасы алқабын үш есе ұлғайту жоспарлануда

12 Маусым 2024, 11:53
245
Бөлісу:
Жетісуда қант қызылшасы алқабын үш есе ұлғайту жоспарлануда
PHOTO
Фото: Рrimeminister.kz

Бүгінде қызылша ең жоғары маржиналды дақылдардың біріне айналды, деп хабарлайды BAQ.KZ Рrimeminister.kz сілтеме жасап.

Биылдың өзінде облыста 12,6 мың га жерге қант қызылшасы егілді, бұл 2023 жылмен салыстырғанда 2,6 мың гектарға артық. 2026 жылға қарай егістік алқаптарын 15 мың га дейін жеткізу жоспарланған, бұл 2022 жылғы көрсеткіштен 3,6 есе артық.

11 маусымда вице-премьер Серік Жұманғарин Жетісу облысына жұмыс сапары аясында егіс науқанының қорытындыларымен және шегірткеге қарсы күрес барысымен танысты.

Жетісуда қант қызылшасы алқабын үш есе ұлғайту жоспарлануда

Бүгінгі таңда құнарлы жерлерімен танымал аймақ егіс алқаптарын белсенді түрде кеңейтуде. Мұнда көктемгі егіс жұмыстары толық аяқталды: 432,5 мың га жаздық дақылдар, 309,3 мың га дәнді дақылдар, 90,4 мың га майлы дақылдар, 12,6 мың га қант қызылшасы және т. б. егілді.

Жалпы биыл облыста 2 млн тонна өнім жинау жоспарлануда. Оның ішінде тек қант қызылшасы – 550 мың тонна (2023 жылы – 370 мың тонна).

Шегіртке тектес зиянкестерге қарсы химиялық өңдеу 109 мың га алаңда жоспарланған. Ититальялық прусқа қарсы 21,6 мың га өңделді. Өідеу жұмысына 17 бірлік жерүсті техникасы және ауыл шаруашылығы авиациясының 4 ұшағы тартылған. Аумақты зерттеумен 136 ерікті және 76 маман айналысып жатыр.

Жетісуда қант қызылшасы алқабын үш есе ұлғайту жоспарлануда

Серік Жұманғарин қант қызылшасы себілген «Хильниченко және К» коммандиттік серіктестігінің (КС) егіс алқабын тексерді. Кәсіпорын дәнді және бұршақты дақылдарды өсіруге маманданған, мал шаруашылығымен айналысады. Өңделетін жердің жалпы ауданы – 11 000 гектар, оның 264 гектары – суармалы учаскелер. Негізгі дақылдар: қант қызылшасы, соя, дәнді және жемшөп дақылдары. КС Басқарма төрағасының орынбасары Александр Хильниченконың айтуынша, мемлекет қолдауының арқасында олар қызылша саласын іс жүзінде қайта дамытуға қол жеткізе алды.

Былтыр облыс бойынша орташа өнім гектарына 450 центнер қант қызылшасы болса, біздің шаруашылықта өнімділік гектарына 700 центнерді құрады. Биыл біздің шаруашылық қант қызылшасының егіс алқабын тағы 100 гектарға ұлғайтты. Біз өткен жылдан кем емес өнім аламыз деп күтіп отырмыз, – дейді фермер.

Серік Жұманғарин егістік басында өңірдің аграршыларымен кездесіп, оларға ауыл шаруашылығындағы мемлекетті қолдау шаралары туралы баяндады. Атап айтқанда, қант қызылшасын өндіруді қолдау жөнінде тоқталды.

Жетісуда қант қызылшасы алқабын үш есе ұлғайту жоспарлануда

Бүгінде қызылша өсіру өте тиімді. Өткен жылы біз қант қызылшасы тұқымын субсидиялау нормативтерін және өңдеуге тапсырылған қызылша көлемі үшін килограмына 15 теңгеден 25 теңгеге дейін арттырдық. Зауыттар сатып алу бағасын 15 теңгеге дейін көтерді. Осылайша, бір тонна қант қызылшасының жалпы құны 40 мың теңгені құрады. Гектарына 500 центнер өнімділікпен фермердің табысы шамамен 2 млн теңгені құрайды. Бүгінде қызылша – ең жоғары маржиналды дақыл, — деп атап өтті вице-премьер.

Кездесу барысында фермерлердің бірі соя дақылын сатып алу құны төмен екенін жеткізді.

Жетісуда қант қызылшасы алқабын үш есе ұлғайту жоспарлануда

Биыл ауыспалы егісте сояның көлемі үлкен. 10 жыл бұрын бізде сояны килограмына 180 теңгеден қабылдайтын, бірақ сол кезде трактордың құны 4 миллион теңге болатын. Қазір сатып алу бағасы өзгерген жоқ, ал тракторлардың құны бірнеше есе қымбат. Сояны шетелге қалай жібереміз?, — деп сұрады ол.

Серік Жұманғарин Сауда және интеграция министрлігіне ауыл шаруашылығы министрлігімен бірлесіп Қытайға соя экспортының мүмкіндіктерін пысықтауды тапсырды.

Жетісуда қант қызылшасы алқабын үш есе ұлғайту жоспарлануда

Сондай-ақ Жетісуға жұмыс сапарының бірінші күні вице-премьер салынып жатқан көкөніс қоймасына және Ірі жоба бойынша жеңілдетілген несиенің арқасында өндіріс көлемін арттыратын, роботтандырылған сауу жүйесін енгізетін тауарлы-сүт фермасына барды.

Жетісуда қант қызылшасы алқабын үш есе ұлғайту жоспарлануда

Серік Жұманғарин сондай-ақ «Ауыл аманаты» бағдарламасы бойынша бизнесті бастаған шағын кәсіпкерлердің және отандық биологиялық таза тыңайтқыштар өндірушілердің өнімдерімен танысты.

Өзгелердің жаңалығы