Жетісуда қала маңындағы ауылдардың жолы қашан жасалады

22 Қыркүйек 2024, 19:43
328
Бөлісу:
Жетісуда қала маңындағы ауылдардың жолы қашан жасалады
Фото: автордан

Талдықорған қаласына қарасты ауыл, саяжайлар бар. Сол елді мекеннің тұрғындары бірнеше жылдан бері жол мәселесін көтеріп келеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Жалпы обыс орталығының көше жолдары стандартқа сай емес. Көбіне жаңғырту жұмыстары жүргендіктен біркелкі емес, автокөліктер құбыр жабындыларынан қашан көрсен қашып жүреді. Оның үстіне асвалть жабындылары сапалы жасалмағандықтан көктем келе ойылып кетеді. Бұл қатарда Өтенай, Еркін секілді ауылдарды да қосуға болады. Бұл елді мекендер Талдықорғанның іргесінде орналасқан. Осы жылы 3 жылға жуық өзекті болып келген жолдың мәселесін тұрғандар қала әкімі Ернат Бәзілмен кездесуінде көтерген еді.Сол жиында қала әкімі тұрғындарға қыркүйек айына дейін жолды ретке келтіріп, өзекті мәселені түбегейлі шешіп беретіндігін уәде еткен.

Бүгінде Өтенай ауылындағы Жақсыгелдинов көшесіне қатты жабын асфальт төсеу жұмыстары басталды. Жол мәселесі менің назарымнан тыс қалған емес. Қалған көшелерді де біртіндеп ретке келтіреміз. Тұрғындарды арыз-тілегі де қалыс қалмайды, дейді қала басшысы Ернат Бәзіл.

Бүгінде жылу желілерін жаңғырту жұмыстары қарқынды түрде жүріп жатыр. Соған сай көше жолдарының дені қазылып, қайта асфалть жабындылары төселді. Дегенмен оған да халық разы емес. Біркелкі төселмеген асфалтьқа жүргізушілердің көңілі толмауда.

Әкімге шағымданғаннан кейін қимылдайтындары қызық. Күнделікті көріп жүр, ауыл әкімдері айтпаса істемейді. Мәселен, Өтенайдың жолын қаншама жылдан бері көтеріп келеміз, енді ғана қолға алды. Әкімге айта-айта әрен көше жарығын орнаттық. Қаншама мәселе шешілмей жатыр. Жолдардың көбі баяғыда салынғандықтан тоз-тозы шығып жатыр, дейді Өтенай ауылының тұрғыны Нұрбол Әли.

Өзгелердің жаңалығы