Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Жетісуда өрттен 6 газ баллоны шығарылды

25 Тамыз 2024, 05:15
614
Бөлісу:
 видеодан кадр
Фото: видеодан кадр

Жетісу облысының өрт сөндірушілері өрттен 6 газ баллонын шығарды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігі мәлімдеді.

Алакөл ауданы Ақши ауылындағы демалыс аймағының аумағында демалыс үйінде өрт орын алды. Құтқарушылардың жедел іс-қимылының арқасында өрттен 6 газ баллонын қауіпсіз аймаққа шығарып өрт толығымен 75 ш.м. алаңда сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ, себебі анықталуда, - делінген ведомство хабарламасында.

Төтенше жағдай туындаған жағдайда 112 нөміріне қоңырау шалу қажет.

Өзгелердің жаңалығы