Жетісуда медицина саласына 186 маман жетіспейді

Бүгiн, 13:55
123
Бөлісу:
Жетісуда медицина саласына 186 маман жетіспейді
Фото: автордан

Өңір шалғай болғандықтан әр бағытта маман тапшылығы қатты білінуде. Әсіресе білім мен медицина саласында жүздеген кадр бос тұр, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Жас маманға мүмкіндік бермейді

​Көбіне экономистер мен саясаттанушылар Жетісу облысын тұйық өңір ретінде бағалайды. Бұл тенденция Алматы облысы кезінде де айтылған. Белгілі саясаткер, қазіргі Мәжіліс депуттаты Айдос Сарым осыдан 5-6 жыл бұрын облыс орталығына жақсы маман тартып, білікті жастарды қанаттандыру үшін өңірге үлкен серпіліс керектігін айтқан еді. Одан бері қанша жыл өтсе де сол межеге жете алмады. Мұны біз әлеуметтік зерттеу жүргізіп, бағамдап отырмыз. Себебі жоғары оқу орнын бітірген не болмаса шетелде оқып келген жастар Талдықорғанда жұмыс істеуден қашады. Болмаса аз уақыт тәжірибе жинап алып, үлкен қалаларға жол салады.

​«Біз де медицина саласы болсын, білім не болмаса спорт саласын алып қарасақта білікті мамандардың ойын еркін жеткізуге мүмкіндік бермейді. Өңірдің тұйықтығы сонша жас маманға өзіндік тәжірибе жасауға, байырғы қатып қалған сүрлеуді бұзуға жағдай жасалмайды. Өңірде заманауи техникакалар келіп жатыр дегенмен оның тілін жетік білетін маман аз. Олар неге қашады? Себебі өзін көрсететін орта жоқ. Біз қаншама медициналық нысандар салып жатырмыз. Ауыл-ауылдарға құрал жабдықтар жеткізіліп жатыр. Бірақ маман болмаса бәрі далбаса. Медициналық колледждерді бітіріп, ине сала алса болды жұмысқа ала береді. Оны ешкім бағамдап жатқан жоқ», дейді қоғам белсендісі Жәнібек Талғат.

​Қараңыз, биылдың өзінде елуден астам денсаулық саласына арналған ғимарттар бой көтергелі жатыр. Ең ғажабы олардың барлығы алыстағы ауылдарда орналасады. Мәселен өңірде 300-ге тарта үлкенді-кішілі аул бар десек, соның әрқайсысына дәрігерлік амбулатория, фельдшерлік-акушерлік және медициналық пункт салу көзделген. Бүгінде бірнеше ауыл жаңа нысанда емделіп жүр. Дегенмен сол аймақтарға маман тарту мәселесі әлі толық шешімін табар емес. Оның тағы бір себебі жастар ауылға барғысы келмейді. Көбіне қалалық жерлерде жұмыс істегенді қалайды. Біз осы ретте оқу бітірген бетте туған жерінде еңбек етуді қалаған С.Ж.Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық медицина университетінің түлегі, жас дәрігер Әсем Бейсебекқызымен тілдескен едік.

​«Менің түсінігімде дәрігер үшін ауыл, қала деген ұғым болмауы керек. Алдына келген кез-келген науқас емханадан жанына шипа іздеп келеді. Сондықтан сен қолдан келген көмегінді аямауын қажет. Мынау ауылдың адамы, не мынау қаланың адамы деп әртүрлі қарым-қатынас жасайтын болсаң, онда ақ халатты абзал жан деген сөзге лайық емессің. Әрине менің де үлкен қаладарды қызмет еткім келді, бірақ алғашқы қадамымды ауылдан бастап білікті мамандармен тәжірибе алмассам деген ой болды. Оның үстіне келген бетте ұжым үлкен сенім білдірді. Қазір ешқайда кеткім келмейді. Барныша халыққа жәрдем жасап жүрміз. Қаржылық жағына да көңілім толады», дейді Көксу аудандық орталық ауруханасының жас дәрігері Ә.Бейсебекқызы.

​Жалпы биыл өңірге 80-ге жуық маман келген. Олардың бәріне облысқа келіп жұмыс істегені үшін көтерме ақы төленген. Мұндағы мақсат облыстағы медициналық кадрлардың тапшылығын азайту болып отыр.

Дәрігерлер ауылдан неге қашады?

​Биылдан бастап ауылға медицина маманын тарту мәселесін мемлекет өзі қолға алды. Халық қалаулыларының бастамасымен Денсаулық сақтау министрлігі дәрігерлерді елді мекенге жіберу туралы нақты жобаларды қолға алды. Соның бірі ауылға барған жас маманға 10 млн теңгеге дейін қаржы беру. Бұл жас дәрігер үшін үлкен мотивация болады. Бірақ ауылдық жерде бірнеше жыл тапжылмай қызмет етуі міндет. Әйтпесе заңмен тәртіпке қаралады. Қалаға барған маман да солай. 5 млн қаржы ала алады. Оны Үкімет халыққа адал қызмет ету үшін үлестіріп отыр. Қалтаға салып өз дегенінді істеуге болмайды. Мәселен, осы жылы сол көтерме ақының нәтижесінде маман тапшылығы 8 %-ға азайған. Облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше жыл соңына дейін бұл көрсеткіш жақсаруы мүмкін.

​«Жалпы өңір басшысы Бейбіт Исабаевтың бастамасымен өңірімізге кәсіби медициналық мамандарды әкелу үшін біржолғы көтерме ақы төлеу туралы шешім шықты. Сол істі атқару үшін бюджеттен 600 млн-ға жуық қары бөлінді. Бүгінде ауылдық жерлерге келген 9 дәрігерге 10 млн теңгеден, ал қалаға келген 16 дәрігерге 5 млнтеңгеден көтерме ақы берілді. Одан бөлек осындай мақсатта жұмысқа қабылданған 45 дәрігерге де талапқа сай қаржы төленеді. Шілде айы мен қазанға дейін бірнеше маман облысқа қоныс аударды. Ең бастасы жаңадан келген дәрігерлер 3 айлық сынақ мерзімінен сәтті өтуі тиіс. Және өз ісіне адалдығы да сараланады. Біз мұны арнайы басқрама тарапынан зерттеп, шешім шығарамыз. Алдағы уақытта осындай жүйелі жобалар нәтижесінде маман тапшылығы төмендемек. Біз ауылдық жерлерге басымдық беруді қарап отырмыз. Себебі аграрлы өңір болғандықтан халықтың көбі ауылдық жерлерде қоныстанған», дейді облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Арман Жансеңгіров.

​Оның айтуынша, көрме ақы алып өңірге қызмет етуге келген дәрігер 5 жыл еңбек етуі шарт. Олай болмаған жағдайда қаржыны қайтарады, солай еңбек шартына қол қойылады. Қазіргі жағдай да облысқа 186 маман жеткіспейді. Жыл аяғына дейін тағы мамандар қосылуы мүмкін. Қазір аталған басқарма қызметкерлері сапалы кадр тарту мәселесін қолға алуда. Себебі жаңа медициналық нысандар білікті маманға мұқтаж.

​Жалпы алғанда жыл сайын өңірге 70-тен астам маман келеді екен. Олардың бәрі тұрақтап қалады деуге келмес, дегенмен басым бөлігі осындай жұмыс істеуге бейіл. Бірақ соған сай басқа қалаға қоныс аударып жатқан дәрігерлер де жетеді. Сондықтан маман тапшылығы өзекті болып отыр. Оның үстіне жылдан жылға халық саны артып келеді. Бұл да дәрігер тапшылығына негіз болар бір фактор болып отыр.

​«Ауылдық жердегі жұмыстың қаладан айырмашылығы жоқ. Қайта күрделі секілді көрінеді. Түрлі кішігірім жарақатпен келеді. Мәселен күніге 2-3 күрделі ота жасайтын кездеріміз болады. Бір адамға салмақ түскеннен кейін қиын, әрине, бірақ артынан еңбегін ақталапы, адамның жанын сақтауға себеп болғанымызда көңіліміз орнына түседі. Бұрынғыдай емес сырқаттанушы балалар көп. Олармен жұмыс істеу қиынырақ. Мен балаларды емдейтін травматолог, ортопед, уролог және жалпы ересек хирургімін. Қолымда 4 мамандықтың сертификаты бар. Сондықтан емшектегі сәбилерге дейін әртүрлі операция жасаймын. Ауылдық жер болса да заманауи техникамен толығып жатыр. Сол көңілге медет. Қабанбай ауылында лапароскопты көргенде қуандым. Бұл апарат көп жерде кездесе бермейді. Бұл апарат жұмысты бірнеше есе жеңілдетеді, отаданкейін науқастың қалпына келтіру үдерісінжеделдетеді. Сол үшін маңызды», дейді Алакөл аудандық орталық ауруханасының хирургі Нұрмұхамед Байжанов.

​Ол осы салада 20 жылға тарта қызмет етіп келеді. Бүгінде аудандық аурухананың Қабанбай ауылындағы бөлімшесінде жұмыс істейді. Ауыл халқы дәрігерді жақсы қарсы алып алған екен. Қазір осында қоныстанып, ауылдың бір азаматы атанған. Жарты жыл ішінде өзінің біліктілігін көрсетіп, қолдау ретінде 10 млн. теңге көлемінде көтерме ақы алған. Осы ретте жергілікті билік те оның отбасын қажетті тұрғын үймен қамтамасыз етіп отыр. Осы ретте айта кетейік, облыс орталығынан қашықтаорналасқан Алакөл ауданы 5 жаңа дәрігермен толыққан. Олардың бәрі көтерме ақы алып үлгерген.

​Алакөл дегеннен шығады, осы жылы ауданда 10-ға тарта заманауи денсаулық сақтау нысанының құрылысы басталған. Мәселен, тұрғындары орталыққа емделуге мұқтаж болып жүрген Екпінді, Жайпақ, Бескөл ауылдарындағы 3 дәрігерлік амбулатория салынады. Одан қалды фельдшерлік-акушерлік пункттер де бой көтереді. Нақтылап айтсақ, бұл қуанышқа Сапақ, Қызылқайың, Жанама, Үшбұлақ, Қайнар және Ақжар елді мекендері қол жеткізбек. Ал Ақжардағы ФАП көп ұзамай ашылады деп күтілуде.

Ауылдарға медпунктар ауадай қажет

​Жалпы, Жетісуда облыс орталығы Талдықорған қаласынан алыста орналасқан ауылдардың саны өте көп. Шамамен елді мекендердің 80 % шалғайда орналасқан. Тіпті шекаралық ауыл-аймақтар бар. Олардың орталыққа жетуі мұң мен зар. Сондықтан өңірге барынша блокты-модульдік медициналық пункттер қажет. Бұларға көп қаржы кетпейді әрі тез салынады. Осы орайда облыста «Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы қолға алынған. Бүгінде бірнеше нысанның қазығы қағылды.

​«Денсаулық сақтау инфрақұрылымын дамыту мәселесі де күн тәртібінде тұр. 2025 жылға дейін 100-ге тарта медициналық-санитарлық көмек нысандары халықтың игілігіне береледі. Атап айтсақ, оның 3-еуі жаңа нысандар, ал 27-сі блокты-модульдік медициналық пункттер саналады. 50-ден астамы ұлттық жоба аясында іске асады. Қалғаны күрделі жөндеуден өтіп, қайта жаңғыртылады. Бұл күнде атқарылып жатқан жұмыстар нәтижесінде 261 денсаулық сақтау нысанының 136-сы жаңартылмақ. Бұл дегеніміз барлық медицина нысанының тең жарымы заманауи құрал жабдықтармен толығып, стандартқа сай қызмет көрсетеді деген сөз. Біз оларға маман тарту мәселесінде толықтай шешуге тырысамыз», дейді басқарама басшысы Арман Жансеңгіров.

​Ең бастысы бір ауданға ғана басымдық бермей, барлық ауыл-аймақтарды қамтып жатқаны қуантады. Қараңыз, өңірде Ақсу, Алакөл, Сарқан, Ескелді, Көксу, Қаратал, Кербұлақ, Панфилов аудандарын алғанда Текелі мен Талдықорған қаласы бар. Қазір екі қаланың маңайындағы шағын елді мекендерге де мендпунттар салынып жатыр. Бұл халық санының күннен күнге артып келе жатқанын білдіреді. Облыстық денсаулық сақтау басқармасының дерегіне сүйенсек, алыстағы елді мекендерде 15 дәрігерлік амбулатория, 39 фельдшерлік-акушерлік пункт және 5 медициналық пункт бой көтереді. Соңғы жылдары осындай нысандар салу мақсатанда бірнеше млрдтар жұмсалған. Ең бастысы нәтиже бар.

​«Медициналық пунктердің ең бастысы іргесі берік, тез салынады, халыққа ыңғайлы. Мәселен мың тұрғыны бар, одан да аз тұрғыны бар ауылдар бар. Оларға зәулім гимарат қажет емес, анда-мұнда ем-домын алатын осындай кішігірім емханалар жетеді. Біз осыған дейін бірнеше нысанды салдық Ешкім өкпе айтқан емес. Сыртын абаттандырып, қоршауын орнатып кетеміз. Осы жолы 35 млн-ға заманауи медициналық жабдықтар сатып алуға өтінімжолдадық. Ондағы себеп, нысанды толық даярлау. Біз құрылыс барысында жергілікті халықты та жұмыспен қамтуға тырысамыз» дейді кәсіпкер Құрбанәлі Омаров.

​Ең ғажабы бұл метпунктер жарты ғасырдан астам уақыт шеңберінде берік болады. Халықтың уайымы себеп жоқ. Бұрынғы ескі нысаннан әлдеқайда жақсы. Мәселен ауыл халқы бұрынғы ескі нысанға емделгісі келмей, орталыққа қатынайды екен. Себебі мұнда ешқандай медицина апараты жоқ. Тек анқысымын өлшеп қана жібереді.

​«Ауылдағы емхананың тұрғаны ғасыр болған шығар. Сонау кеңес заманынан келе жатыр. Біз осыған дейін бірнеше рет аудан әкіміне өтініш айттық. Ақыры тілегіміз орындалды. Оның үстіне мұнда жаңа апараттар келмек. Бұлда шағын емді осында-ақ қабылдай беруімізге негіз болады. Ауылда 2 мыңға жуық халық тұрады. Қалаға қатынау оңай емес. Әсіре қытымыр қыс кезінде. Халықтң берекесі кетеді. Енді жаңа маман әкеліп, осындағы азаматтарды оқытса жақсы болар еді. Туған жеріне келіп қызмет етеді», дейді Ақжар ауылының тұрғыны, зейнеткер Толықбай тастанбеков.

​Ауыл тұрғындары, маманды шеттен тартқанша, ауылдағы жастарды оқытса деген ұсынысын айтуда. Себебі басқа ауылдан келген жастар көп тұрақтамайды. Келісімшарты аяқталған күні ауылдан кетеді. Бауыр басып, қалып жатқандары өте сирек. Сондықтан медицина саласына қызығушылық танытқан жастарды оқытып, туған жерінде еңбек етуге жол ашса дұрыс болар еді.

​«Алыстағы ауылдардың орталыққа қатынауы үшін жаңа жедел жәрдем көліктерін сатып алып жатырмыз. Мысалы Достық, Қабанбай және Ақтүбексекілді шалғайдағы ауылдарға жаңа автокөліктер алынды. 2025 жылға дейін аудандық ауруханаларға жаңа медициналық құрал-жабдықтар беріледі. Халықтың саны мен сұранысына сай санитарлық төсек орындары да үлестірілмек. Жоба аясында барлық ауданды қамтитын боламыз», дейді облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Арман Жансеңгіров.

Жалпы, өңірде хирург, реаниматолог, акушер-гинеколог, ангиохирургия астроэнтерология гематология, дерматовенерология, кардиология, кардиохирургия, нейрохирургия,неонатология. Ортодонтия, трпия саласының мамандары жетіспейді.

 

Өзгелердің жаңалығы