Жетісуда МӘМС-тен 11 млрд-қа жуық жарна түскен

Бүгiн, 14:57
131
Бөлісу:
Жетісуда МӘМС-тен 11 млрд-қа жуық жарна түскен

Бұл соңғы жарты жылдықтағы түскен аударымдар мен жарналар. Қазір жетісулықтарға міндетті әлеуметтік медициналық сақтандырудың маңыздылығы туралы түсіндірме жұмыстары жүріп жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

​Денсаулық сақтау министрлігінің талабы сай тұрғындар МӘМС-тің маңыздылығын білуі шарт. Кейде шалғайдағы ауыл азаматтары бұл бағдарламаның тиімділігін түсінбей, наразылық білдіріп жатады. Дегенмен медицина қызметіне жүгіну үшін міндетті түрде МӘМС-ті білуіңіз міндет. Өңір тұрындары міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға 10,6 млрд қаржы құйған. Тіпті, өткен айда 2 млрд-қа тарта төлемдер аударылған.

​Біз бүгінде МӘМС туралы мәліметтерді тұрғындарға нақты түсіндіріп жатырмыз. Оның пайдасы мен тиімділігін алға тарта отырып, медицина саласының ілгерлеуіне жол ашатының көрсетеміз. Республика көлемінде маусым айында барлығы 80 млрд қ жарналар мен аударымтар түскен. Бұл үлкен көрсеткіш. Мысалы біздің өңірде 1,3 млрд соммасында аударым мен 830 млн көлемінде жарна құйылған. Тіпті, облыстың дербес төлеушілері МӘМС-ке жалпы алғанда 40 млн жуық жарна әкелген екен. Қазір әрбір ел азамат қордың маңыздылыңын бағамдап отыр», дейді МӘМС-тің облыстық бойынша филиалының директоры Иван Самойленко.

​Жалпы одан бөлек кәсіпкерлерде қалыс қалып жатқан жоқ. Мәселен олардан аталған қорға шамамен 110 млн көлемінде қаржы түскен. Ұлттық банкте сақталатын қаржы ұлттың игілігіне жұмсалады дейді жаапты мамандар.

МӘМС-тің маңыздылыңн әртүрлі бағамдауға болады. Оның тиімділігін көріп жатқандар да, көрмей жатқандар да бар. Қарсы келейін десең, мемлекеттік емханаға қабылдамайды. Ал жеке меншік емханалардың бағасы қымбат», дейді Сарыөзек ауылының тұрғыны Алмагүл Үркінбаева.

 

Өзгелердің жаңалығы