Күдіктілер жергілікті кәсіпкерді қорқытып, 15 мың қытай юань талап еткен, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Күдіктілерді Жаркент қаласында ҰҚҚКБ жедел қызметкерлерінің арнайы жасақ жауынгерлері ұстады.
Топ 3 адамнан тұрады. Біреуі - Алматы қаласының тұрғыны, екіншісі - Алматы облысынан, үшіншісі - Жетісу облысының тұрғыны. Жәбірленуші оларға ақша беру кезінде ұсталды. Олардың біреуінен 9 мм калибрлі 13 патроны бар тапанша (сигналдық) табылып, тәркіленді, – деп хабарлады Жетісу облысы ПД ҰҚҚКБ бастығы Сарқытбай Құсайынов.
Аталған факт бойынша тергеу амалдары ҚР ҚК-нің 194-бабына сәйкес "Қорқытып алу" жүргізіледі. Ұсталған адамдар уақытша ұстау изоляторына қамалды.