Жетісуда есірткі мен экстремистік материалдар таратқандар ұсталды

Кеше, 19:32
204
Бөлісу:
Жетісуда есірткі мен экстремистік материалдар таратқандар ұсталды
Фото: polisia.kz

Жетісу облысында есірткі және экстремистік материалдарды таратты деген күдікпен үш азамат ұсталды, деп хабарлайды BAQ.KZ ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Операция Сарқан ауданында облыстық полиция департаменті мен Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бірлескен күшімен, прокуратураның үйлестіруімен жүзеге асты. Ұсталғандардың екеуі діни экстремизм идеологиясын ұстанатыны анықталды.

Тінту кезінде күдіктілерден ірі көлемде марихуана, сондай-ақ Қазақстан аумағына әкелуге, басып шығаруға және таратуға тыйым салынған экстремистік әдебиеттер табылды, – делінген хабарламада.

Қазір оқиғаға қатысты тергеу жүріп жатыр. Құқық қорғау органдары күдіктілердің өзара байланысы мен басқа да мән-жайды анықтайды.

Өзгелердің жаңалығы