Жетісуда емханасыз ауылдар бар

20 Қыркүйек 2024, 19:33
427
Бөлісу:
Жетісуда емханасыз ауылдар бар
Фото: автордан

Өңірде емханасыз елді мекендер бар. Кейбір ауылдар шағын бір бөлмені паналап отыр, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Мемлекет басшысының тапсырмасына сай ауыл-ауылдарды денсаулық сақтау инфрақұрылымдарын жаңару жұмыстары жүріп жатыр. Өңірде жүзден астам ауыл бар десек, соның біразында медициналық пункт жоқ. 

Мәселен Кербұлақ ауданына қарасты Рудник-Арқарлы, Жоламан, Қарлығаш, Қазынсу, Қызылмектеп, Тастыбастау ауылдары шағын емханалардың ашылуын күтіп отыр. Қаншама жылдан бері ескірген нысанды паналаған мамандар жаңа заманауи ғимаратта ем-дом шараларын жасамақ.

Ауыл-ауылдарды бірте-бірте заманауи блокты-модульді медициналық пункт қамтымақ ниеттеміз. Биыл облыс аумағында 27 блокты-модульді медициналық пункт орнату жоспарланған болатын, соның 8-і Кербұлақ ауданында бой көтереді. Осы күні 2 ауылда жаңа нысан есігін ашты. Күз бітпей жатып тағы да бірнеше нысан халыққа пайдалануға беріледі. Өңірдегі барлық ауылдарда денсаулық сақтау инфрақұрылымы жаңартылатын болады, - деді Жетісу облысының әкімі Бейбіт Исабаев.

Халықтың дені ем-домды көбіне аудан орталығынан, болмаса облыстан алуды қалайды. Себебі заманауи құрылғылар мен түрлі апараттар ауылда жоқ. Арнайы жолдамамен емделуге құқылы. Дегенмен шалғайдағы ағайынның оған үнемі жайы келмейді. Сондықтан жеңіл-желпі ауру-сырқауды анықтайтын құрылғылар ауылда да болса деген ниетін жеткізіп жатыр. Одан бөлек облыстағы дәрігерлерден онлайн концультация алсақ деген тілегін де жасырмады.

Әбден ауруымыз асқынған кезде бірақ ойбайлаймыз. Малды ауылда тұрғандықтан аудан орталығына, қалаға жол түспейді. Сондықтан дәрігерлерге онлайн дәріс алсақ болар еді, - дейді Қоянкөз ауылының тұрғыны Есен Тастыбаев.

Өзгелердің жаңалығы