Жетісуда электр энергиясының тарифі төмендейді

3 Маусым 2024, 16:25
467
Бөлісу:
Жетісуда электр энергиясының тарифі төмендейді
Фото: автордан

Бұл ілтипат кәсіпкер үшін қолайлы болмақ. Яки, заңды тұлғаларға электр энергиясына тарифі 1 кВт/сағатына 38,50 теңгеден 32,60 теңгеге дейін азаяды», деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Электр энергиясы қазіргі бағасынан 15,33 пайызға төмендемек. Мұны «Жетісу Энерготрейд» ЖШС ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу комитеті арнайы Жетісу облысы бойынша департаментіне осылай хабарлама берді. Алдағы уақытта бизнес өкілдері жеңілдетілген бағамен төлейтін болады.

Төмендетілген тариф жаздың басынан бастап қолданысқа кіреді. Бұл игілікті іс ҚР ҰЭМ ТМРК аумақтық департаменттері реттелмейтін энергиямен жабдықтаушы ұйымдарды электр энергиясымен жабдықтау жөніндегі қызметтерге лицензиялардың қолданылуын жақында тоқтатқаннан кейін орындалған. 

Осы ретте айта кетейік, бұл бастама Ел Президентті Қасым-Жомарт Тоқаевтың делдал ұйымдарды, яки тұтынушыларды электрмен жабдықтау тізбегіндегі өнімсіз делдалдарды жою жөніндегі тапсырмасы шеңберінде қолға алынған.

Тарифті төмендетудің алғышарты тұтынушылардың, анықтап айтсақ қаланың заңды тұлғалары мен бюджеттік ұйымдарының реттелмейтін энергиямен жабдықтаушы ұйымдардан электр энергиясын кепілді жеткізуші «Жетісу Энерготрейд» ЖШС ауысуы болды. Бұл аталған серіктестіктің көрсетілетін қызметтеріне бағаны қысқартуға мүмкіндік берді, - делінген хабарламада.

Бұл ретте тоқты тоқтаусыз алу үшін бұрынғы жеткізушілерді пайдаланған жетісулықтар компаниямен жылдам тиісті шарттар жасасады.

Үлкен зауыттар да үнемі жарық сөнбейді. Тоқ көзінсіз тірлік істеу мүмкін емес. Біз мұны облыс әкімдігіне, министрлікке бірнеше рет жолдағанбыз. Бұл өндіретін тауарлардың бағасына да әсер ететін фактор, - дейді кәсіпкер Танат Арынбаев.

Өзгелердің жаңалығы