Жетісуда екі зауыт іске қосылады

30 Наурыз 2025, 13:55
641
Бөлісу:
Жетісуда екі зауыт іске қосылады
Фото: автордан

Жетісу облысында жаңа өндіріс ошақтары ашылып, аймақтың экономикалық әлеуетін арттыруға бағытталған ірі жобалар жүзеге асуда, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Талдықорған индустриялық аймағында бой көтерген автоклавты қатайтылған газбетон блоктарын шығаратын зауыт. Жаңа өндіріс орны жылына 150 мың текше метр құрылыс материалы шығаруға қауқарлы. Кәсіпорынға салынған инвестиция көлемі 3 млрд теңгені құрайды.Кәсіпорында 30 адам еңбек етсе, зауыт толық іске қосылғанда бұл көрсеткіш 70-ке дейін артады. Мұнда жұмысшылардың орташа еңбекақысы 300-350 мың теңге аралығында болса, бас энергетиктің жалақысы 1 млн теңгеге дейін жетуі мүмкін.

Талдықорған экономикасы даму үстінде. Инвестиция көлемі артып келеді.Өнім көлемі 200 млрд-қа жақындады. Өнім көлемі артты, дейді қала әкімінің орынбасары Рүстем Бершінбеков.

Тағы бір маңызды жоба – өнеркәсіптік аккумулятор өндіретін зауыттың құрылысы. Зауытты “Қайнар-АКБ” компаниясы салып жатыр. Барлық қажетті құрал-жабдықтар орнатылған соң іске қосу-реттеу жұмыстары жүргізіледі.

Кәсіпорынның тұңғыш өндірістік желісін 2025 жылдың II тоқсанында іске қосу жоспарланған. Толық қуатына жеткен кезде зауыт жылына 200 мыңнан астам аккумулятор шығаратын болады.

Кәсіпорында 150 адам жұмыспен қамтылса, өндіріс кеңейген сайын олардың саны 300-ге дейін ұлғаяды. Жобаға салынған инвестиция көлемі 10 млрд теңгеден асады. Бүгінде зауыт аккумуляторларды Өзбекстан, Түрікменстан, Қырғызстан, Әзірбайжан және Ресейге жеткізуді көздеп отыр.

Жүзеге асырылып жатқан бұл өндірістік жобалар аймақтың инвестициялық тартымдылығын арттырып, экономиканың өркендеуіне тың серпін бермек. Тұрғындар үшін тұрақты жұмыс орындары ашылып отандық өнім ұлғайпақ.

Өзгелердің жаңалығы