Жетісуда дыбысты бағдаршамдар іске қосылды

19 Маусым 2024, 12:16
210
Бөлісу:
Жетісуда дыбысты бағдаршамдар іске қосылды
Фото: автордан

Тұңғыш рет Талдықорған қаласындағы бағдаршамдарға мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған дыбыстық құрылғылар орнатыла бастады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Зағип жандар үшін үлкен мүмкіндікке ие бағдаршамдар қаланың негізгі көшелеріне орнатылып жатыр. Бұл бастама елімізде алғаш рет қолға алынып отыр. 

Мамандардың айтуынша, дыбыстық құрылғылары ең алдымен сынақ режимінде жұмыс істейтін болады. Аталған құрылғы қала ішінде жүруге қиналатын адамдарға, яки құлағы нашар еститін жандар үшін әрі таяққа сүйенген қариялар мен кішкентай балаларға қауіпсіздігіне кепіл бола алады.

Мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған дыбысты бағдаршам желісін Рүстембеков, Н.Назарбаева даңғылы мен Қонаев және Балапанов көшелерінің қиылысында орналастырдық. Алдағы уақытта бұл жұмыстар жүйелі түрде жалғасын табады. Қала ішінде ерекше күтімді қажет ететін жандарға қолайлы орта қалыптастыру да құрылғының рөлі жоғары. Қазірдің өзінде тұрғындар алғысын айтуда, - дейді қалалық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Мади Шакенов.

Жетісуда дыбысты бағдаршамдар іске қосылды

Ең ғажабы аталған құрылғыны Назарбаев зияткерлік мектебінің түлектері және «it-service Education» жастар қоғамдық бірлестігінің мүшелері ойлап тапқан. Олар сынақтан өткізу үшін сала мамандарына ұсынып, бірлесе жұмыс істеуге бекінген.

Қала ішінде серуендеуге шыққанда көзіміз күннің жарығына шағылысып бағдаршамның түсін жөнді көре алмай қаламыз. Қатты келе жатқан көліктер қағым кетуі де мүмкін. Осы ретте дыбысты бағдаршамның көмегі тиеді деп ойлаймын. Тура дауысы жер жарады екен. Көлік ішінде отырған адамның өзі естиді. Біз секілді ардагерлерге, көзі нашар көретіндерге дұрыс болды, - дейді ардагер Асылбек Апантаев.

Өзгелердің жаңалығы