Жетісуда Д.Рақышов атындағы филармонияның кеші өтті

26 Маусым 2024, 21:28
345
Бөлісу:
Жетісуда Д.Рақышов атындағы филармонияның кеші өтті
Фото: автордан

Аталған ұжым өзінің II маусымының жабылу концертің берді. Кештің бір ерекшелегі симфония фильм саундтректерін ойнады, деп хабарлайды BAQ.KZ тішісі.

І.Жансүгіров атындағы Мәдениет сарайында өткен айтулы кешке халық көп жиналды. Құрылғанына екі жыл болған өнер ұжымы бірталай биікті бағындырғаны аян. Заманауи дәстүрлі әншілер көптің ыстық ықыласына ие болды. Кеш беташары эстрадалық симфониялық оркестрінің орындауындағы «Саржайлау» шығармасымен ашылды.

Біздің өнер ұжымында елге белгілі әншілер қызмет етеді. Биыл біз сан алуан жанрда өнер көрсететін түрлі топтар құрдық. Әсіресе ұлттық аспаптарымыздың насихаттайтын қыз-жігіттерге қолдау көрсетіп отырмыз. Бір жылдың ішінде ондаған концерт бердік. Халықтың ықыласы ерекше болды. Оның үстінде ұжымда нағыз мәденеиет саласының майталмандары жұмыс істейді. Олар жастарға үлгі-өнеге көрсетіп, тарихи терең жетісу жыр-жауһарымен сусындатуда, - дейді Д.Рақышов атындағы филармониясының директоры Самат Жексенбаев.

Жетісуда Д.Рақышов атындағы филармонияның кеші өтті

Кеш барысында эстрадалық симфониялық оркестрінің сүйемелдеуімен Гүлбану Лахаева «Қазағым», Күреңбел триосы «Өмір-өзен», Алмагүл Батталиева «Show must go on» , Данель Мырзабеков пен Ақбота Сабыржанова «Quizas, quizas, quizas» әндерін орындап, концерттің сәнін келтірді.

Оған қоса ретро фиьмдердегі саундтректер шырқалды. «Служебный роман» кинокартинасының әні эстрадалық симфониялық оркестрінің сүйемделуімен орындалды. Дирижері белгілі композитор Али Алпысбаев болды.

Ескі әндер – есті әндер емес пе?. Оның үстіне байырғы музыкалар қайта санамызда жаңғырды. Келгеніме қатты қуанып отырмын. Жанды дауыста ән шырқаған әрбір әншіге айтар алғысым шексіз, - дейді қала тұрғыны Айсұлу Антибаева.

Жетісуда Д.Рақышов атындағы филармонияның кеші өтті
Өзгелердің жаңалығы