Жетісуда демалыс аймағы өртенді

18 Тамыз 2024, 08:55
447
Бөлісу:
Жетісуда демалыс аймағы өртенді
Фото: Төтенше жағдайлар министрлігі

Жетісу облысының өрт сөндірушілері демалыс аймағындағы өртті сөндіруде, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігі мәлімдеді.

Алакөл ауданы Ақши ауылындағы демалыс аймағында екі қабатты демалыс үйі жанды.

Құтқарушылардың жедел іс-қимылының арқасында өрт алдын ала 280 шаршы метр алаңда оқшауланды. 27 адам алдын ала эвакуацияланды. Зардап шеккендер жоқ, - делінген хабарламада.

Төтенше жағдай туындаған жағдайда 112 нөміріне қоңырау шалу қажет.

Өзгелердің жаңалығы